Жаңалықтар

15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады

«Мерейлі отбасы» конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға; неке, жанұяның жақсы жақтарын дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
бірінші – аудандық (қалалық) кезең,
екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.
Өтінімдерді (қажетті құжаттармен қоса), арнайы нысан бойынша, аудандық (қалалық) комиссияларға 2024 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.
«Мерейлі отбасы» конкурсына қатысу туралы ақпаратты Ақтөбе қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінен, сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасынан алуға болады.
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181
Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7132) 59-51-82.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button