Су тасқыны

Үндеуге нақты іспен үн қосудамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4-ші сәуірдегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Үндеуінде атап көрсетілгендей, соңғы 80 жылдан орын алған ең ірі табиғи апат Ақтөбе аймағын да айналып өтпеді.

Қашанда ел-жұрттың  жанынан табылатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының 350 ге жуық жұмысшылары су тасқынына ұшыраған «Шұбарши», «Құмсай»,  (Ақтөбе облысы, Темір ауданы), Жағабұлақ, Шеңгелши, Қожасай (Мұғалжар ауданы), Оймауыт ауылдарының (Байғанин ауданы)  тұрғындарына жан-жақты қолдау жасады.

Наурыз айының 27-не басталған су тасқыны апатына қарсы күреске  акционерлік қоғам тарапынан көптеген арнайы ауыр техника, жолаушылар көлігі іске қосылды. «Кеңқияқмұнай» басқармасы, «М-Техсервис» ЖШС-нің мұнайшыларының үлкен  жұмыс күші жұмылдырды.

АҚ-ның  техникалық базасындағы Т-170 экскаваторы, «KOMATSU» тас түйгіші, КамАз көліктері, жылжымалы айдағыш қондырғылары, жол талғамайтын вахталық көліктер, тіпті, автокран сияқты алып техникалар да тасқынға қарсы тосқауыл көпір жасап, жыра қазу, топырақ үйю, қорған салу т.с.с  қауырт шаруаларға кең қолданылды.

«Ақтөбе – Жем – Жаңажол» бағытындағы №6964/6963 қала маңы аралық (вахталық) поездымен Бірлік, Жем, Қандағаш және Ақтөбе станцияларына 220 астам ауыл тұрғындары тасымалданды.

«Жаңажол» вахталық поселкесіндегі мұнайшылардың ең жайлы әрі  соңғы үлгіде тұрғызылған жайлы жатақханасына Жағабұлақ ауылынан 188 тұрғын (оның ішінде 99 бала бар) жеткізіліп, уақытша орналастырылды. Оларға арналып қоғамдық тамақтандыру  басқармасы құнарлы  және балаларға арналған дәруменді 3 мезгілдік арнаулы ас-ауқат мәзірін дайындады. Тұрмыстық қажеттіліктің барлығы қанаттандырылған. Тұрақты дәрігерлік қызмет бақылауы орнатылды.

Су тасқыны салдарынан жарықсыз қалған «Жағабұлақ» елді –мекенін тұрақты электр жарығымен қатамасыз ету үшін СНПС-АМГ АҚ-ы ДЭС-100 электр қуатын беретін  құрылғынықойылып,  іске қосты.

Акционерлік қоғам Байғанин аудандық әкімдігінің өтініші негізінде  тасқын зардабына тап болған Оймауыт елді-мекеніне деДЭС-100 электр қуатын беретін  құрылғысы ауылдан 10 шақырым жерде орналасқан су ұңғымасына орнатылып, ауыл тұрғындары ауыз сумен толықтайқамтамасыз етілуде.

Акционерлік қоғам Президенттің үндеуіне, Ақтөбе облысы әкімінің табиғат  апатына қарсы күрес бойынша жүктелген тапсырмасын орындауда осындай нақты істерді жүзеге асырып отыр.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы Темір, Мұғалжар  және  Байғанин  аудандық әкімдіктерінің өтініштерін қолдап көмек көрсету бойынша барлық  адами және техникалық әл-аухатын мүмкіндігінше қолғабыс беру шаралары қарастырылатын болады.

Ел басына күн туған шақта «бір жағадан бас, бір жеңнен қол»  шығара білген, жақсылық жасап жарысқан, уақытпен санаспай халық қауіпсіздігі үшін жұмыла жақсылық жасаған мұнайшыларға, түрлі техникалық мамандар мен арнайы көлік жүргізушілеріне қасиетті ораза айында жасаған істеріңіз сауаптан болсын деймін.

Ең басты олжамыз-адам амандығы,  жойқын су  тасқыны кезінде  бүгінгі күнге дейін адам шығынынсыз келеміз. Ең бас шүкіршілік те, ең басты көрсеткішіміз де осы емес пе, ағайын?

Президенттің, жергілікті биліктің қолдауымен материалдық зиянның орын толатынына сенемін.

Ел болып жұмылып, халық болып күш біріктіріп бұл сыннан да өтеміз!

Жауынгер, қайтпас қайсар көкбөрінің  ұрпағының адында табиғаттың дүлей күші қашанда басын иген.

Жақсы күннің жақын болғанын тілеймін.

Біз біргеміз!

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

СНПС-АМГ АҚ

Қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі

Бас инспекторы                                                                  А.Д.Сақтағанов

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button