Пікір

БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ БОЛСЫН!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты халыққа арнайы Үндеуін жолдады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Мемлекет басшысы табиғи апатқа байланысты бүгінгі таңда Премьер-министр Олжас Бектеновтың басшылығымен Республикалық штабтан бастап, жергілікті билік өкілдері, барлық күштік құрылымдар күшейтілген режимде жұмыла жұмыс жасап жатқанын және апаттан келген барлық материалдық шығындар өтелетінін тілге тиек етті. Иә, ел басына күн туған қиын сәтте волонтерлар да қарап қалмай, зардап шеккен облыс, аудан, елді мекендер мен отбасыларына бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдықпен ауызбіршілік танытып, жан-жақты көмек беріп жатыр. Әрине, бұл халқымыздың бірлігі бекем екенін көрсетеді.
Өткенге көз жүгіртсек, халқымыз небір қиын-қыстау жағдайларды бастан кешіргені белгілі. Бұл табиғи апатты да ел болып еңсеріп, жағдай қалыпқа келтіріліп, мамыражай күн кешетінімізге кәміл сенемін. Оған біздің мүмкіндігіміз де мол.
Дана халқымызда: «Күн жаманы кетер…» деген сөз бар. Бастысы — халқымыздың амандығы, жұртымыздың тыныштығы. Бірлігіміз бекем болсын, ағайын!

Әсет ҚАЛИЕВ,
М.Оспанов атындағы БҚМУ ректоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button