Жаңалықтар

Арысұлан Айтбаев – Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың өкімімен Арысұлан Нұранұлы Айтбаев облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалды.

Ол 1987 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «БогомоловПректГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалаушы инженері болып бастаған.

Еңбек жолының басым бөлігінде құрылыс, соның ішінде инженерлік желілер құрылысымен айналысатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінде түрлі лауазымда жұмыс істеген.

2023 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін «Aqtobe su-energy group» Акционерлік қоғамының бас директорының орынбасары қызметін атқарып келді.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button