Білім

Жас мұғалімдер бақ сынады

Олимпиада

«Дарынды балаларға талантты ұстаз». Осындай тақырыпта республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Жарыстың мақсаты — жас педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.

Педагогикалық олимпиадада 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 мұғалім бақ сынады.

Сайыс барысында мұғалімдер педагогикалық зерттеу бойынша шеберліктерін көрсетті, сондай-ақ конкурс барысында оларға педагогикалық білім беру тәсілі, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттеріне байланысты тапсырмалар берілді.

Пән мұғалімдері TED стилінде (TED — «Таратуға лайықты идеяларға» арналған жоба) «Менің педагогикалық инновациям» тақырыбында педагогикалық идеяларды ұсынса, психологтер «Менің мамандығым — психолог» тақырыбында өздерін таныстыра отырып, «Шығармашылық алаңда» авторлық шеберлік сыныптарын, психологиялық сабақтар мен тренингтердің, ата-аналарға арналған практикум үзінділерін көрсетті, ал тәлімгерлер «Мен балалық шақтың штурманымын» тақырыбында балалар ұйымы қызметінің бағдарламасын ұсынды.

Олимпиада қорытындысында Сағымжай Амангелдин (Темір ауданы №2 Шұбарқұдық мектебі), Мадина Асқарова (Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясы), Асхат Жұмағали (Хромтау ауданындағы №6 гимназия) және Рустам Кусыбаевтар (М.Құсайынов атындағы обылыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты) 1-орын иеленді.

Жеңімпаздар 4-6 наурызда Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button