Білім

Әке тәрбиесі

Форум

Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындаәкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, қоғамдағы беделі мен белсенділігін күшейту мақсатында«Әлем күшті әкемен» әкелер форумы өтті.

Форумға облыстық білім басқармасының бас маманы Жансерік Бектемір және «Қазақстанның әкелері» республикалық әкелер қоғамдастығының құрылтай мүшесі Еркін Тобылбаев, «Ай» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Даниял Жанқабыл және №51 гимназиядағы білім алушылардың әкелері қатысты.

Іс-шарада әуелі қазақтың ұлттық жәдігерлері таныстырылды. Бабамыздан мұра боп қалған жеті қазынамыз — қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық және ұлттық ойындарымыз — тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату тағы сол сияқты ұлттық мұрамыздан көріністер көрсетіліп, ұлдарымыздың бойында намыс пен жігерді ұялататын әскери-патриоттық қойылымдар қойылды.

— Форум өте маңызды, кең ауқымда өтті. Біз  баламызды оқытып, киіндіріп, ел-жер көрсетіп, оқуға түсіріп, қатарынан қалдырмай жатырмыз деп ойлаймыз.Алайда  бүгінгінің баласы әкенің мейіріміне, қамқорлығына мұқтаж. Әкесінің өзіне көңіл аударып, сөйлескенін қалайды. Егер болашақты ойласақ, біз әкелер қауымы жауапкершілікті алып, балаға мейірімімізді, қамқорлығымызды аямай көрсете білу парыз деп білемін.Қазақта «Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей өнеге алмас» деген бар. Сондықтан балаларымызға үлгі болатындай, өнеге көрсетуге тиіспіз, —дейді 2 «в» сыныбында баласы оқитынЖеңісбек Құрманбаев.

Сонымен қатар форум барысында әке тәрбиесі туралы әдеби шығармалардан үзінділер оқылып, бейнекөріністерден үзінділер көрсетілді. Отбасында ғана емес қоғамда өзіндік орны бар, жастарға айтар ойы бар әкелер ұлттық тәрбиенің маңызы туралы әдемі әңгіме өрбітті.Форумға қатысқан әкелердің пікірлері бір арнада тоғысты: бәрі де бала тәрбиесіне бейжай қарамауға, әкелерді құрметтеуге шақырды.

Шара соңында 5 «а» сыныбының оқушысы Әйгерім Аманқостың әкесі Дулат Айтжанов «Менің әкем» әнін барлық әкелермен бірге шырқауымен аяқталды.

Қарагөз ЕРҒАЛИЕВА,

№51 гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button