Жаңалықтар

Облыста 800-ден астам жұмыс орны ашылды

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингтеоблыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұртуған Оралбаев аталған басқарманың өткен жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Оның айтуынша, өткен жылдыңқорытындысы бойынша облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,1 трлнтеңгеге жеткен. 800-ден астам жұмыс орны ашылып, жалпы құны 56,9 млрд теңгеге 18 инвестициялық жоба іске асырылған.

— Биыл облыста тағы 800-ден астам жұмыс орны ашылып, жалпы құны 201 миллиард теңгеге 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жаңа толқынын тарту үшін арнайы экономикалық аймақ (мультимодальды көлік-логистикалық хаб) құру көзделіп отыр, қазіргі уақытта тұжырымдама әзірленуде және қолданыстағы әуежай ауданынан жер учаскесі бөлінді, — дейді ол.

Нұртуған Оралбаевтың айтуынша, бүгінде облыс экономикасының40 пайызға жуық үлесі өнеркәсіпке тиесілі. Былтыр өнеркәсіптің жалпы көлемі 2,5 трлнтеңгеге жеткен. Өңірдегі өнеркәсіп көлемін арттыру бағытында Ақтөбе рельс-арқалық зауытында қолданыстағы желіні жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде өндіріс көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Сондай-ақ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 және №2 балқыту цехтарында газ тазарту жүйелері жаңғыртылған.

— Биылғы жоспарға сәйкес облыста хром кенін өндіру өткен жылмен салыстырғанда 113 пайызға дейін артады деп жоспарланып отыр. Ал хром концентратындағы өсім — 121,5,

темір кенін өндірудегі өсім — 115, ферроқорытпа өндірісіндегі өсім — 121, рельс өндірісіндегі өсім 122 пайызға жеткізілмек. Осы жобалардың нәтижесінде биыл өнеркәсіптің жалпы көлемі 2,7 триллион теңгеге жетеді, — деді ол.

  Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button