Білім

Жас директорлар тәжірибе алмасты 

Семинар

65 жалпы білім беретін орта мектепте «Әдістемелік жұмыстағы инсайттар» тақырыбында жас директорларға арналған қалалық семинар өткізілді.

Мақсат — мектеп жұмысын ұйымдастыру, әдістемелік тұрғыда әріптестерді қолдау және көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру.

Семинар концерттік бағдарламамен ашылып, мектеп жұмысының оқу-тәрбие және әдістемелік бағыттары талқыланды. Кейіннен «Әдістемелік жұмыстағы инсайттар» тақырыбында №65 орта мектептің директоры М.Жантөрина коучинг жүргізді.Жас директорлар мектеп жұмысын ұйымдастыру, көшбасшылықты нығайту бойынша өзара ой бөлісті.

Соңында қалалық «Әдістемелік кабинет» коммуналдық мекеменің әдіскері А.Садықова мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.

А.ЕСПАМБЕТОВА,

мектеп мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button