Білім

Ұмытылмас күндерді еске алды

Кездесу

Кеңес әскерлерінің  ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай №3 қалалық кітапханада «Ерліктеріңіз қашанда ұрпаққа ұран»  атты шара ұйымдастырылды.

Шараға жерлес ардагер Руслан Кенжеғарин шақырылып, ол соғыста бастан кешкен оқиғаларын еске алды, ерлік, отаншылдық туралы ой бөлісті. Өз кезегінде №1 орта мектептің 10-сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшісі Мәдина Тыныштық қонаққа әртүрлі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Өмірінің жауқазын жастық шағының бір бөлігін оқ пен от астында өткізіп, қандай қасіретті бастан кешсе де, елге аман-сау оралған майдангер ағамыз жастарға ақылын айтып, бейбіт өмірдің қадірін білу керектігін атап өтті. Сондай-ақ өткенді ұмытпай, ауған соғысының ардагерлерін құрметтеген белсенділерге ризашылығын білдірді.

 Үзім АЛПЫСҚЫЗЫ,

№3 қалалық кітапхананың қызметкері,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button