Жаңалықтар

Тұрғындардың алғысына бөленген электриктер

Ауа райының нашарлауына байланысты «Энергосистема» ЖШС-нің барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандардың бел шеше жұмыс істеуінің нәтижесінде қала ішінде үзілген электр сымдары қалпына келтірілді. Электр желісі істен шыққан әрбір үйлердің өтініштері тәулік бойы қабылданып, тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жолдағы көру деңгейінің төмендегі, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан апаттық жағдай кезінде ауыл мен аудан орталықтарына техникамен жабдықталған бригада жіберілген. Жалпы облыс бойынша 35 бригада тәулік бойы үздіксіз еңбек етуде. Қала ішінде 15 бригада жұмыстанса, аудандық электр желілер учаскелерінде 20 бригада тиісті іс-шараларды атқарып жатыр.

Облыс аумағында болған төтенше жағдайға байланысты аянбай қызмет еткен электриктердің арасында Ақтөбе қалалық электр желілері учаскесі «Әуе желілері» қызметінің 5 разрядты электромонтері Тұрғанбай Симанов та болды. Ол энергетика саласында 25 жылдан бері қажырлы қызмет атқарып келеді.
Сондай-ақ «Энергосистема» ЖШС мекемесінің қалалық бөлімшелерінен Алға және Хромтау аудандарына жалпы саны — 26 адамнан тұратын 7 бригада және 6 техника жіберілді. Атап айтсақ, электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарына Алға ауданынан 3 бригада, Хромтау ауданынан 4 бригада жұмылдырылған. Төтенше жағдай кезінде бесқопалық Асқар Тапаевтың кәсібіне деген адалдығының арқасында ауылға дер кезінде жарық берілді. Ол Алға ауданы Бесқопа ауылының 2 разрядты тарату жүйесін пайдалану жөніндегі электр-монтер бақылаушысы қызметін атқарады.
— Боранды күні Бесқопа ауылындағы электр желісін қалыпқа келтірген Асқар Тапаевқа ризашылығымыз шексіз. Ол жұмысын асқан тиянақтылықпен орындады. Құртқарушыларға, медицина және энергосистема желісінің мамандарына алғыс білдіреміз, — дейді ауыл тұрғындары.

АҚМАРАЛ МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button