Жаңалықтар

Қоғам белсендісіне құрмет!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері» атты республикалық байқауында Қазақстан Журналистер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жақсылық Айжанұлы жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жаңа Қазақстан» республиалық қоғамдық бірлестігінің директоры М.Садыханов, «Bilim-orkeniet»ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры

А.Сатылғанов қол қойған арнайы диплом мен төсбелгі және куәлік Астана қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде тапсырылды.

Ұзақ жылдар облыстың бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі журналист бүгінгі күні де қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Әсіресе өзі туып-өскен өңір — Байғанин ауданымен қатар, аймақтағы бірқатар елдімекен тұрғындарынтолғандырған көкейкесті мәселелерді баспасөз бетінде көтеріп, оң шешілуіне лайықты үлесін қосып жүр.Байғанинауданындағы алты ауылда құм көшкінін тоқтату үшін орман шаруашылығын ашуда жігерлілік танытқан оның бұл еңбегі көпке мәлім.

Ол — «Невада-Семей» қозғалысының мүшесі, «Қалдайбектің қасіреті», «Жарылыс жаңғырығы» деректі телефильмдердің, «Даңқ» орденінің толық иегері Сәрсенғали Ешбаев жайлы «Даңқты барлаушы» атты деректі шығарманың авторы. Сондай-ақ  ол елеусіз қалған батырлар мен тұлғалар жайлы бірнеше зерттеу кітабын да шығарды. Солардың ішінде Асау-Барақ, Бармақ, Дәуіт сияқты батырлар мен текті тұлғалар туралы ел аузындағы аңыз әңгімелерді жинақтап, оқырман қауымға ұсынды. Қоғамдық жұмыстардағы осындай белсенділігі үшін Президенттен, облыс әкімінен, министрліктен бірнеше рет Алғыс хат алған марапат иесі — бүгінде Байғанин ауданының құрметті азаматы және «Жыл адамы».

Әріптесімізге жаңа жүлдеңіз құтты болсын, ел үшін атқарған еңбегіңіз жалғаса берсін демекпіз!

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button