Жаңалықтар

Шаңғышылар сынға түсті

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шаңғыдан облыс чемпионаты аяқталды. Ауқымды жарысқа Қобда, Мәртөк, Қарғалы және Ақтөбе қаласынан келген 4 команда қатысты.

Шаңғышылар жас ерекшеліктері бойынша іріктеліп, жеке, спринт және топтық эстафета түрлері бойынша сынға түсті.

Аталған чемпионатқа шаңғысын сайлап келген мәртөктік спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебі полиатлон секциясының жаттықтырушысы Әсет Сағынұлы жарыс қатысушыларының спорт додасына қызу дайындықпен келгендігін айтады.

Шаңғы спорты адамды шапшаңдыққа, ептілікке, қырағылыққа үйретеді. Қуантарлығы, ауданымызда жас шаңғышыларымыздың қатары артып келеді. Қазіргі уақытта мектебімізде 40-қа жуық бала жаттығады. Олардың жеткен жетістіктері де баршылық. Мәселен, жуырда ғана өткен облыс чемпионатында спортшыларымыз оқ бойы озық шықты. Нәтижесінде осы жарыста 1-орынды Тамара Липперт, 2-орынды Александр Швачко, 3-орынды Влад Олейников пен  Алина Плис иеленді. Ендігі мақсатымыз — Қазақстан чемпионатына жолдама алып, Олимп шыңын бағындыру, — дейді жаттықтырушы.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button