Жаңалықтар

Мақпалдың әндері шырқалды

Қайырымдылық

Темір аудандық мәдениет үйіндеҚазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Мақпал Жүнісованың 60 жас мерейтойына орай «Қазақтың ерке қызы» атты қайырымдылық концерті өтті.

Кеш барысында елдің ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп, «Қазақтың ерке қызы» атанған әншінің репертуарындағы әуезді әндер орындалды. Іс-шарада үлгілі «Алтын-ай» би ансамблінің бишілерді де өнер көрсетті.

— Темір аудандық Мәдениет үйінің ұжымы бір жылда бірнеше қайырымдылық іс-шарасын өткізіп тұрады. Өткен жылы дәл осы уақытта Ғасырбек Санақ есімді жігіттің еміне қаражат жинағанбыз. Бұл жолы концерттен түскен ақшаны Шұбарқұдықтың тұрғыны Жансая Бүркішоваға тапсырдық. Ол бүгінгі таңда Түркия елінде ем алып жатыр.

Жерлесіміздің жағдайына бейжай қарамай, қайырымдылық шарасына атсалысқан ауылдастарға алғыс білдіреміз, — деді Темір аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Назерке Талғатқызы.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ,

Темір ауданы.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button