Жаңалықтар

Шахмат клубы ашылды

Шахмат

 «Сауап» қоғамдық ұйымының бастамасымен шахмат клубы ашылды.

Клубтың ашылуына облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

«Сауап» қоғамдық ұйымының құрылтайшысы, ақын Бауыржан Құрманқұловтың айтуынша, аталған клуб осыған дейін Ақтөбе қаласындағы 11-шағын ауданда жұмыс істеген шахмат клубының негізінде ашылып отыр.

  • 11-шағын аудандағы шахмат клубы осыдан 7-8 жыл бұрын ашылды. Оны Абай Есембаев деген азамат ашып, басқарды. Бұл азамат Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан. Клубқа ардагерлер, қала тұрғындары қатысып, жарыстар ұйымдастырылды. Былтыр Абай өмірден өткен соң клуб жабылып қалды. Биыл осы азаматтың ашқан клубының ізімен ардагерлерге, балаларға арнап шағын клуб ашуды жөн көрдік. Әзірге бір бөлмені жалға алып отырмыз. Оған өз қаражатыма қажетті құрал-жабдықтар, жиһаздар сатып алдым. Алдағы уақытта бұл жерде балаларға арнап үйірме ашамыз, — дейді ол.

Салтанатты шарада облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров клуб жұмысына сәттілік тілесе, Абай Есембаевтың ұрпақтары әкелерінің көзін көрген, клуб жұмысын жандандырған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, шахмат клубы Әбілқайыр хан, 2 (40-бөлме) мекенжайында орналасқан.

Бұл жерге түске дейін балалар, түстен кейін ересектер келіп шахмат ойнай алады.

Клуб дүйсенбі-сенбі күндері таңғы сағат 9.30-дан кешкі сағат 18.30-ға дейін, ал жексенбі күні таңғы сағат 9.30-дан түскі сағат 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда балаларға арнап ашылатын үйірме тегін жұмыс жасамақ.

                                                                                      Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button