Пікір

Көптің ойындағы түйткілді дөп басты

Айтбай БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ,
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген кең көлемді сұхбаты әрбір қазақстандықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Өйткені онда еліміздің соңғы жылдардағы қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалар мен алдағы жоспарлар қамтылған.
Президент осы жылдың мемлекетіміз үшін айрықша маңызды жыл болатынына назар аударып, бұл кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болатынын айтты. Нәтижесінде 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру көзделіп отыр.
Қазақстанның рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар, Ұлттық құрылтайдың тиімді пікірталас орнына айналуы, Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу, ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі Мемлекет басшысының ерекше көңіл бөлетін мәселелерінің қатарында екендігі қуантады. Мемлекет басшысы қасіретті қаңтар оқиғасының да себеп-салдарын ашық айтып берді.
Бұл сұхбаттан Қасым-Жомарт Кемелұлының кез келген мәселеге деген ашық көзқарасын айқын таныта отырып, қай іске де тек мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарайтынын көрдік. Мемлекеттің болашағының кемел болуын, азаматтардың тұрмысының жақсаруын, заңның үстемдік құрып, әлемнің қай елімен де тату әріптестік қарым-қатынас құруды көздейтін Президентіміздің бұл сұхбаты көптің көңіліндегі дүниелерді дөп басқаны анық. Біз, ауданның ақсақалдары, Мемлекет басшысын қолдай отырып, елімізде биыл жағымды жаңалықтар мен жақсылықтар болуын тілейміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button