Пікір

Қаңтар оқиғасы қайталанбауы керек

Әлішер ТЫНЫШТЫҚ,
«Жастар рухы» жастар қанаты
Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Біз ел болып қаншама қиындықты еңсердік. Ендігі мақсатымыз — өскелең ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп, жастардың, әсіресе жұмыссыз жастардың арандатушылардың соңына еріп кетпеуі үшін еңбекке тартуымыз керек.
Президент сұхбатында қаңтар оқиғасының себеп-салдарын бұрмалап көрсетудің қажеті жоқ екендігін және бұзақыларды ба¬тыр¬ға балап, жұртты арандататын сыңар¬жақ пайымдар қылмыстық психологияның қоғам санасына сіңуіне әкелетінін баса айтты.
«Жастар рухы» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалы жастардың патриоттық сезімін арттыруға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіп келеді. Мәселен, өткен жылы Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухының» Ақтөбедегі белсенділері «Менің Елім – менің Туым» деп аталатын ауқымды акцияға атсалысып, тұрғын үйлер мен ғимараттардың терезелеріне көк туымызды ілді. Біз осындай акциялар арқылы қазақстандықтардың патриоттық рухын көтеруді мақсат еттік. Мұндай іс-шаралар жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге септігін тигізеді. Биыл да бұл іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button