Жаңалықтар

Өтініштер ескерусіз қалмайды

Кездесу

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты — Amanat партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Әлішев облыстың шалғай аудандарын аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Ол Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар, Алға, Мәртөк аудандарында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын көрді.

Тұрғындармен кездесу барысында депутат Мәжілісте өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді.

Былтыр көптеген заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазірдің өзінде мемлекеттік сатып алу заңы қарастырылып жатыр. Енгізілетін өзгерістер бойынша  ұсыныстар жолданды. Өйткені мемлекеттік сатып алу заңы төңірегінде олқылықтар көп. Соның салдарынан көптеген әлеуметтік маңызы бар нысан құрылысы аяқсыз қалып жатыр. Айтпақшы, тағы бір үлкен өзгеріс — биылдан бастап еліміздің Парламент Мәжілісінде қабылданатын заңдардың барлығы тек мемлекеттік тілде ғана мақұлданатын болады, —  деді Қазыбек  Әлішев.

Кездесу барысында шалқарлықтар Шалқар-Ақтөбе автомобиль жолының құрылысын тезірек аяқтап, пайдалануға берілуіне ықпал жасауды сұраса, депутаттың жеке қабылдауында болған Ырғыз ауданының тұрғындары

1200-ден астам тұрғыны бар Құмтоғай ауылына газ тарту, Орталық-Батыс дәлізі  (Астана-Торғай-Ырғыз) тасжолын салу мәселелерін айтты. Ал Әйтеке би ауданының тұрғындарыжаз болса шегірткенің қаптауы үлкен мәселеге айналатынын айтып, жайылым жайын баяндады.

Әрбір тұрғынның сұрағын тыңдаған Қазыбек Әлішев көтерілген мәселелердіңшешімін табуға ықпал ететінін айтты.

А. МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button