Пікір

Дамудың жаңа биігі

Серік Шаңғұтов,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел болашағын нақты айқындаған бастамалары өте құптарлық. Мысалы, Президентіміз Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, т.б. келелі мәселелерді кеңінен қозғаған.

Біз, ардагерлер, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың сәтті іске асуына одан әрі қолдау танытамыз. Мәселен, биыл елімізде бірнеше халықаралық жиын өтеді. Қазақстан өңірлік және халықаралық деңгейдегі  бірқатар ықпалды ұйымдарға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді. Бұлардың барлығы — еліміздің дамуы мен қауіпсіздігі үшін маңызды басқосулар.

Тағы бір маңызды шара — Астана халықаралық форумы. Биылғы маусым айында өтетін алқалы жиынға әлем елдерінің басшылары мен жаһандық деңгейдегі компаниялардың жетекшілері қатысады.

Мемлекет басшысы айтқандай, алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, экономиканың жаңа салаларын дамытуға басымдық берілмек. Біз, ардагерлер, осындай келелі бастамалар көтерген Президентіміздің сұхбатындағы негізгі мәселелердің іске асырылуына, ең бастысы, қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына мейлінше ықпал етеміз деп сенеміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button