Жаңалықтар

Ақтөбелік полицейлерге жаңа автокөліктердің кілттері табысталды

Ақтөбе облысының Полиция департаментінің паркі 32 жаңа көлікпен толықты, басым бөлігі учаскелік полиция инспекторларына беріледі.

Автокөліктер белгіленген стандарттарға сай, тәртіп сақшыларына қажетті техникалық құралдармен жабдықталған және құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Кілттерді табыстау рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысты.
«Полиция өкілдері күнделікті қызметінде азаматтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді және олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқыққорғау жүйесі елдегі тұрақтылықтың басты кепілі деп атай отырып, жан-жақты қолдау шараларын қабылдауда. Жергілікті билік органдары да полицияның материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап келеді. Автокөлік, видеожетондар, планшеттер және тағы да басқа қажетті құрал-жабдықпен қамтылды. Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң әсерін тигізері сөзсіз», – деп атап өтті өңір басшысы.

Hyundai Tucson маркалы 22 автокөлік Ақтөбе қаласының учаскелік полиция инспекторларына, ал Газель-Next маркалы 10 көлік тергеу-қамауға алынған адамдарды тасымалдау үшін аудандық бөлімшелерге беріледі. 3 квадроцикл патрульдік полицейлерге саяжай алаптарын, жағалауларды патрульдеу кезінде пайдалану үшін тапсырылады, ал «Белорус» тракторы полиция бөлімдерінің аумақтарын абаттандыруға және қызметте шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылатын болады.
«Барлық заманауи талаптарға жауап беретін автокөлікпен қамтамасыз ету бізге қылмыстар мен оқиғалар туралы келіп түскен хабарларға дереу ден қоюға мүмкіндік береді», – деді облыс ПД бастығы Абай Жусупов.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button