«Атқан оғын маздатқан…»

Садақ ату өнері —бүгінде жаңа трендке айналып келе жатқанұлттық спорттыңбайырғы түрлерініңбірі.БылтырМәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «Дәстүрлі садақ ату» өнеріспорт түрі ретінде ресми танылды. Бүгінде әр аймақта садақ атудан арнайыорталықтар да ашылып жатыр.
Шалқарлық жас ұстаз Сәндігүл Әленова — әуесқой садақшы.Жергілікті жерде өтетін мәдени іс-шаралардаүнемі қималы шапанымен беліне қорамсағын байлап, жебелерін түгендеп, дараланып тұратын садақшы қыздың арманы— соңынан сұрмерген шәкірттер шоғырын ерту. Орайы келгенде бізде садақшы, «Мергендер мекені» реалити шоуының финалисіСәндігүл Әленовамен жолығып, садақшылық өнердің қыр-сырын сұраған едік…
—Сәндігүл Жақсылыққызы, алдымен өзіңізбенкеңірек танысып алсақ…
— Үйдің тұңғышымын. 1992 жылы Шалқар қаласында дүниеге келдім,өзімнен кейінүшcіңлім бар. Әкем Жақсылық Есенаманов аудан орталығында теміржол саласында, анам Ақсәуле Есенаманова аудандық Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Саз мектебінде жұмыс істейді. Әке-шешем бізді кішкентайымыздан шыдамдылыққа, кез келген жұмыстыасқан жауапкершілікпен атқаруға тәрбиеледі. Біз қыз бала болсақта, үй мен тыстың ісіне талғамай араластық. Бала кезімізде анамыз үйден тары салып түйетін. Тарының дастарқаныңа қойылғанша қаншама әзірленуден өтетінін үлкендеріміз жақсы біледі. Мен көбіне үй ішіндегі ұсақ-түйек тірлікті сіңлілеріме тапсырып,сыртта анама тары салуға көмектесетінмін. Бір жылдары әкемізала жаздай саман кесек басты. Біз ол кезде мектеп жасындағы бала едік. Ойын баласы болсақта, әке-шешеміз жұмыс істеп жатқанда алыстап кетпейтінбіз. Есесіне үлкен астауда иленіп тұрған саз балшықты жарты шелектеп болса да тасып, қалыпқа құйып, оларға қолғабыс етеміз. Отбасында төртеумізде қыз бала болғасын«мынау қыз баланың, мынау ер баланың жұмысы» деп бөлмей, шамамызша атқара береміз. Осылай кішкентайымыздан қара жұмысқа араласып өскендігіміздің пайдасын есейгенде көріп жүрміз.
—Сіздің негізгі мамандығыңызды білсек деймін…
— 2007 жылы Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицейден 9-сыныпты бітіріп, Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінен орта білім алдым. Одан соң Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, жоғары білі алдым.Оқушы кезімде IT маманы болуды армандайтынмын. Негізгі мамандығым — физика және информатика пәнінің мұғалімі. Осы мамандық бойынша еңбек жолымды 2011 жылы Ырғыз ауданына қарасты Қалыбай негізгі мектебінен бастадым. 2014 жылдан бері Шалқар қаласындағы №8 орта мектебінде мамандығым бойыншажұмыс жасаймын.

—Садақ ату спортына бала кезден қызығатын ба едіңіз?
— Бала кезде жауынгерлік өнерге негізделген кинолар ұнайтын. Қытайдың «Кунг-фу», «У-шу», жапон, корейлердің садақ ату, семсерлесу ұрыс-қимылдарын көріп, ондағы қимыл тәсілдердің ерекше үйлесімділігі, адамдардың өз денесін, қаруын толық игеретініне,садақпен, қылышпен көрсетілетін іс-қимылдарға өте қызығатынмын. Күні кешегіге дейін маған садақ қаруы қол жетпейтін дүние сияқты болып көрінді. Тіптен біздің елде садақ ату спорты мүлдем жоқ шығар деп ойладым. Түпкі тарихымызда садақ қаруы болса да, бірақ қазір музейлерден оныкөп көре алмайсың.
2019 жылы әлеуметтік желіден Ақтөбе қаласында садақшылар клубы барын көзім шалып қалды. Сол сәттен бастап оны жан-жақты зерделеп, садақ атудың қыр-сырына үңіле бастадым. Сөйтіп, алғаш өзіме классикалық түрдегі ағаштан жасалған садаққа тапсырыс бердім. Ресей елінде даярланатынқұны 60 мың теңге тұратын садағым 2020 жылдың наурызында қолыма тиді. Асыға күткеніме қол жеткізе сала өзімше үйрене бастадым. Үйден садағымды іле шығып,соның қызығымен екі-үш сағаттап ызғарлы көктемде сыртта жүріп алатын болдым. Кейіннен өзіме бағдар беретін ұстаз керек болды. Бұл реттеалғашқы ұстазым «Стрельба Ақтөбе» садақ ату клубының жетекшісі Исатай Жапарбергенов деген азамат болды. Кейін ютуб арналары арқылы түрік, венгр садақ ату шеберлерінің жаттығуларын қарап техникамды жетілдіре түстім. Дегенмен облысымызда дәстүрлі садақ атуда жаттықтырушыларәлі де аз.
— Ауданымызда дәстүрлі садақ ату спортын алғаш насихаттап жүрген жандардың бірісіз. Бұл спорттың өлкеміздегі дамуы қандай деңгейде?
— Рақмет! Бұл — менің әуесқойлығымнан туған қадам және кенжелеп қалған ұлттық спортымызды туған жерімде насихаттап, сәлде болса жастардың үйренуіне септігімді тигізсем деген перзенттік пейілім. Садақшылық—көне тарихымыздан келе жатқан мергендік спорттың бір түрі. 1900 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. Бүгінде бұл спортпен әлемнің 140 елінде қызу айналысады. Ал қазақ елінің төл тарихындағы бағзы дәуірлерден сыр шертетін садақ бейнеленген тасқа салынған суреттер мен ескі ескерткіштегі бейнелерді көру қиын емес. Тағы бір қызықтыратын тұсы — дәстүрлі садақ ату жарыстарында ұлттық киім кию міндеттеледі, бұл жерде тек киім емес, жеңдік, қорамса, етіктің қазақы ұлттық стильде болуы патриоттық сезімді күшейтетіні сөзсіз.
Менісадақшылықтың осындай қасиеттері алға жетеледі. Осындай ынтызарлығыммен 2020 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының«Даму» бағдарламасының әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, грант ұтып алып, оған садақ ату үйірмесін ашу үшін керек-жарақтарды сатып алдым. Бұл бастамамды аудан әкімдігі қолдап,№1 Аула клубынан садақ ату спорты үшін арнайы зал бөлінді. Осы ретте аталған клуб директоры Нағашыбай Мәмбетов ағамыздың қолдауын ерекше айтқым келеді. Ағамыздың және клубтың волонтерлік тобы көмегімен садақ ату залына спорттық инвентарьларды қолданысқа дайындау жұмыстары жүргізіліп, сол жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында садақ ату үйірмесі ашылды.Қазіргі таңда бұл үйірменің жұмысы волонтерлік жолмен жүргізілуде.Садақ ату спортымен тұрақты шұғылданып жүргендер арамызда бар. Олар өз қаражаттарына Украина, Венгрия және Түркия елдерінен садақ пен жебені тапсырыспен алдырып, жаттығады.Аудан бойынша әуесқой садақшылардың жас шамасыәртүрлі. Басым бөлігі — 14-40 жас аралығындағылар.
— Садақшылар сайысына қатысып жүрсіздер ме?
—Өткен жылдан бастап республикалық жарыстарға қатыса бастадық. Ақтау қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен І республикалық чемпионатқа шәкірттерім Сағындық Қалиев, Есенбекшах Шахатаевпен бірге барып қатыстым. Бұл чемпионат біз үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Сол жылдың сәуір айында өткен халықаралық «Алтын Орда» дәстүрлі садақ ату турнирінде әлемнің 12 елінен келген садақшылар арасында СағындықҚалиевтің финалға жетуінің өзі — үлкен жетістік.Осы 2023 жылы Ұлттық спорт қауымдастығы және «Qazaqstan» ұлттық арнасының ұйымдастырған «Мергендер мекені» реалити шоуында мен финалға өтіп, облысымыздыңнамысын қорғаудамын. Бұл жобаның негізігі мақсаты—ұлттық садақ ату өнерін қайта жаңғыртып, спорттың осы түрімен айналысатын қазақстандықтарды насихаттау. Реалити шоуәр аптаның жұмасы күні«Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрсетілуде. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, аталған бағдарламаны көріп тамашалап, қолдауға барша оқырманды шақырамын. Өйткені көрерменінің көп болуы, ютуб арнадағы қолдау-пікірлер аталған бағдарлама келешегіне оң әсері болмақ.Біз кейде тағылымы мол дүниелерді бағалауға келгенде табандылық таныта алмай жатамыз. Оның қасында отбасы құндылықтарын аласартатын бағдарламалар деңгейі көш ілгері тұратынын көріп, кейде қапаланасың.
— Жақсы өнер көрсету үшін садақ пен жебені де таңдай білу керек шығар…
— Дұрыс айтасыз. Республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын жарыстардың қатысушылары арнайы сапалы садақты таңдайтыны сөзсіз. Қандайда сайысқа қатыспас бұрыналдымен оған қажетті керек-жарағыңды да сайлайсың ғой. Сол секілді бұл спортта да садақ пен жебе таңдаудан жаңылыспағаның өзіңе олжа. Бастапқыда садақ таңдаудың қыр-сырын біліңкіремей бізде қиналдық. Өйткеніол кездекеңесетін тұрақты жаттықтырушыларымыз болмады. Әр жерден қарап, өз ізденісімізбен таңдай бастадық. Мәселен, өткен жылы Ақтау қаласында өткен дәстүрлі олимпиадаға қатысу барысында қолымдағы садақты тарту ауыр екендігін сезіндім. Бұл қаруды тарту өлшемі либрмен есептеледі. Жалпы жарыстарға қатысу үшін жебесі алысқа ұшатын ауыр садақ алудың қажеті жоқ. Негізінен, садақ аларда өзіңнің құлашыңныңшамасын білу де басты шарт. Бастапқы кезде 60 либрлі садақ сатып алдым. Алайда қазір Украина елінде жасалған 35 либрлі түріктің дәстүрлі «Орхан» садағын ұстап жүрмін. Маған өте ыңғайлы.Садақ спорты, негізінен, екі бағыт бойынша жүргізіледі, бірі классикалық болса, енді бірі — дәстүрлі.Классикалықтың дәстүрліден айырмашылығы— оның олимпиадалық спорттың түріне жататындығында. Осыған орай садақ пен жебеде түр-түрге бөлінеді, соған байланысты олардыңбағалары да әрқалай болады.
—Ат үстінде садақ тартып тұрған суретіңіз бар екен,бұл да садақ тартудың бір түрі ме?
— Иә,ат үстінде садақ ату техникасын да үйреніп жатырмын.Осы спорттың арқасында бала кезден арман болған атпен шабуды да үйреніп жүрмін. Шалқар ауданына қарасты Жылтыр ауылында республикалық додаларда топ жарып жүрген «Әлім ата» көкпар командасының жаттықтырушысы, аударыспақтан спорт шебері Алтай Сүйеубаев деген ағамыз тұрады. Сол кісі жамбы ату жарысына дайындалуым үшін атпен жаттығуға қолдау білдіріп жүр.Ат үстінде садақ ату да біздің тарихымызда бар жауынгерлік өнер. Дегенмен осы ұрыс-қимылы қазір әлемнің қырыққа жуық елінде де кәнігі спорттың түрі ретінде дамып жатыр. Алайда біздің жамбы атудың ат үстінде садақ ату спортынанбір күрделілігі—садақшы да,жамбы да қозғалады. Ол үшін ат үстінде мығым отырып, нысананы дәл көздеу асқан қырағылықты қажет ететіндігінде.
Осы спорттағы ізденісімді одан әрі жалғастырамын. Жақында ашылған Ақтөбе облыстық «Жебе» дәстүрлі садақ ату федерациясы басшылығымен тығыз байланыстамыз. Дегенмен жергілікті деңгейде ұйымдастырылатын жарыстарға қатысу үшінқұрал-жабдықтарды өз қаражатыңа алуыңа тура келеді. Кейде қаражат тапшылығынанжоспарлы жарыстарың өткізілмей де қалады.Тұрақты демеушілер табылып жатса, алда садақшылар арасында аудандық ашық турнир ұйымдастырсақ деймін. Ұлттық құндылықтарымызды бағалайтын жомарт жүректі азаматтар болса, садақшылық өнердің өрісін бірігіп кеңейтуге болар еді.
Мұхтар МЫРЗАЛИН,
Шалқар қаласы.



