Жаңалықтар

«Ақтөбені» сүйсініп оқимын

Біздің оқырман

Бердіқұл АБДУЛЛИН, Мәртөк аудандық қоғамдық кеңес хатшысы: 

— Облыстық «Ақтөбе» газетінің «Коммунизм жолы» деген атпен шыққан уақыттан бергі тұрақты оқырманымын. Елімізде шығатын ресми басылымдармен қоса, «Ақтөбені»  де әлі күнге дейін жаздырып алып оқимын. Басылымда апталық жаңалық кеңінен қамтылады. Ең бастысы, газетте облыс тарихына, киелі орындар, атаулы даталарға қатысты, сондай-ақ кезінде ел дамуына үлес қосқан азаматтар жайында жазылған мақалаларды, өзекті тақырыптарды сүйсініп оқимын. Сондай кейіпкерлердің арасында таныстарымыз да кездесіп жатады.

Отыз жылдан астам облыста байланысшы болып қызмет еттім. Соның он жылы Ойылда, қалған уақытта Мәртөкте осы салада лауазымды қызмет атқардым. Мамандығым — ауыл шаруашылығы саласы бойынша инженер-механик. Сондықтан да алдағы уақытта өзім әр санын тағатсыздана күтетін «Ақтөбе» газеті бетінен кәсіби байланысшылар, олардың еңбек жолына қатысты мақалаларды  көргім келеді.

Алғашқы саны 1924 жылы жарық көрген «Ақтөбе» газетінің 100 жылдық мерейтойы да таяп қалды. Ғасыр жасаған басылымның өз оқырмандарына берері көп болсын дегім келеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button