Жаңалықтар

Балық аулау және қыстағы қауіпсіздік

Брифинг

«Қыс мезгіліндегі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері». Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы тақырыпта брифинг өтті.

Шараға облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Иса Байтұрсынов,  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау аға офицері Жанболат Төлепбергенов қатысты.

Олар төтенше жағдайларқызметінің қысқы кезеңге дайындығы туралы баяндады.

Жыл сайын қыс басталысымен мұз үстінде балық аулаушылар көбейіп кетеді. Қауіпті маусымның бірі — осы кез. Өйткені кейбір балықшылар қауіпсіздік талаптарын сақтай бермейді. Ал соның салдарынанқайғылы жағдайлар болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі қыс мезгілінде күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы үнемі ақпарат таратамыз. Көпшілік арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама мен парақшалар да таратылады, — дейді Иса Байтұрсынов.

Балық аулау кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері: мұздың жұқа және қатпаған жерлерін басуға болмайды, мұздың жекелеген учаскелерінде топтасып жүрмеу керек, мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға мүлде болмайды, сондай-ақ

түнде мұз баспау қажет.

Айта кету керек, мұздың қаттылығын аяқпен тексеруге қатаң тыйым салынады. Мұны көзбен-ақ анықтауға болады. Яғни, мұздың түсі көк болса, қатты екенін білдіреді. Ақ болса, қаттылығы 2 есе аз болады. Ал сұр және күңгірт ақ немесе сарғыш түсті мұзды мүлде баспау керек. Өйткені ойылып кетуі әбден мүмкін. Сол себепті мұздың қалыңдығына мән беру керек.

Ысқырық, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр жіп, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон секілді құтқару құралдары болған кезде мұз астынан балық аулауға рұқсат беріледі.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button