Жаңалықтар

Жем-Сағыздың  шашуы

Аудан

«Жем-Сағыздың сәлемі». Жақында Ақтөбе қаласында Байғанин ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен осындай тақырыпта іс-шара өтеді.

Мерекелік думан Тәуелсіздік күні және Байғанин ауданының 95 жылдығы аясында ұйымдастырылмақ.  «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болады. Ет, сүт өнімдері әкелінеді. Мұның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашқандар да өз өнімдерін ұсынбақ.

— Жалпы жәрмеңкеге ауыл еңбеккерлері 1 түйе, 3 жылқы, 5 сиыр әкеледі. Қымыз, шұбат та тиімді бағамен сатылады. Жалпы 300 литр сүт өнімін әкелу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл күнгі шараға «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар да  белсене қатысып, сары май, айран, құрт секілді сүт өнімдерімен бірге, тары, жарма,  тағы басқа да тағам түрлерін әкеледі. Аталған жоба аясында ауданда кір сабын өндіріп жатқан кәсіпкер де бар. Жәрмеңкеге ол да өнімдерін ұсынбақ, — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары.

Айта кету керек, «Жем-Сағыздың сәлемі» атты мерекелік шара аясында 14  желтоқсан күні Өнер орталығында Байғанин ауданының өнерпаздары  концерт береді. Мерекелік кештің арнайы қонақтары ретінде белгілі әншілер —  Есет Сәдуақасов, Нұрболат Абдуллин, Айбат Жанғалиевтер қатысады.

Г.КЕТЕБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button