Жаңалықтар

Қайырымдылық — ізгіліктің көрінісі

Еріктілер күні

Еріктілік қызмет қоғамда өз еркімен, риясыз жақсылық жасау жолында жүрген адамдардың бар екенін дәлелдейді. Еріктілер қолдауға зәру адамға көмектесіп қана қоймай, өзіне мүдделес серік табады. 

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Қолғанат» еріктілерінің де негізгі мақсаты — сауапты іспен айналысу, жастарды жақсы іске тарту, сол арқылы ұлттың болмысында ғасырлар бойы қалыптасқан қайырымдылық қасиеттерін насихаттау.

«Қолғанаттың» еріктілері «Жанашыр жүрек», «Күшіміз — бірлікте!» секілді көптеген қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолұшын созып, еміне қаражат қажет балалар үшін жәрмеңкелер өткізіп тұрады.

Сәбилер үйі мен қарттар үйіне барып, қолғабыс етуді де жақсы әдетке айналдырды.

Ерікті болу уақытты текке өткізу емес, тұлғалық дамуға әсер ететін фактор екенін әрбір жас түсінсе екен деймін және алдағы уақытта «Қолғанат» еріктілерінің қатары артып, қоғамның дамуына атсалыса беретініне сенімдімін.

 Венера УӘЛИЕВА,

«Қолғанат» еріктілерінің жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button