Жаңалықтар

Ауыл болып оқимыз

Біздің оқырман

Ләззат ЖҮСІПБАЕВА,

пошта қызметкері.

Келесі жылы 100 жылдығын атап өткелі отырған «Ақтөбе» газетін біздің ауылдың тұрғындары үзбей оқиды. Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылында 60-тан астам үй бар. Соның отызы «Ақтөбеге» жазылады.

2012 жылдан бері осы ауылда пошташы болып жұмыс жасаймын. Облыс орталығынан жеткен газет-журналдарды оқырманға дер кезінде жеткізіп беру —басты міндетім.

Өзім де «Ақтөбенің» көп оқырманының бірімін. Өңірде болып жатқан жаңалықтарды осы газеттен оқып, біліп отырамын.

Бір қуантатыны — облыстың қоғамдық-саяси өмірін сөзбен өрнектейтін басылымда мәдени-рухани дүниелермен қатар, тарихи, сондай-ақ танымдық мақалалар қатары көбейіп келеді.

Интернетте толып тұрса да, «Ақтөбенің» ғана жұлдызжорамалына сенеміз.

Бұл газетте мектеп жасындағы баладан бастап, зейнет жасындағы қарияға дейін оқуға болатын мақалалар қамтылған.

Осы ретте газеттің тұрақты оқырманы ретінде ата-аналар қауымына баласы үшін «Ақтөбе» газетіне жазылуға кеңес берер едім.

«Ақтөбеге» жазылып, оны оқыған адамның ұтылмасы анық.

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button