Жаңалықтар

Отандық компанияның ұсынысы

Құрылыс

Балабақша, мектеп, көпсалалы денешынықтыру кешені, Оқушылар сарайын заманауи талаптарға сай етіп салуға, сондай-ақ Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртуға қазақстандық «BI Group» компаниясы қызығушылық білдіріп отыр.

Кеше өңір басшысы Асхат Шахаров компания өкілдерін қабылдап, олардың жобаларымен танысып, ой-ұсыныстарын тыңдады. Отырыста әрбір жоба жеке-жеке талқыланды.

Асхат Шахаров бүгінгі таңда Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны артқанын, саны өсіп жатқан қала үшін әлеуметтік нысандар аса қажет екенін сөз етті. Әсіресе қаланың білім беру ұйымдарында озық елдердің білім жүйесі қолданылып, халықаралық стандарттарға сай болуы маңызды.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі «BI Group»компаниясы ұсынған жобалардыңоблыс орталығында жүзеге асырылуын жан-жақты зерттеп, бағамдайтын жұмыс тобын құруды тапсырды.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button