Жаңалықтар

Татулықты ту етіп…

Турнир

Тәуелсіздік күніне орай облыстық дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы «Тәуелсіз бол» атты спорттық іс-шарасын ұйымдастырды.

«Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының басшысы Аян Задыбектің айтуынша, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында өткен турнирге төрт команда қатысты.

Дін өкілдері арасындағы спорттық сайысты алғаш рет ұйымдастырдым. Жарыста ислам, кришна, жетінші күн адвентистері, христиан евангелдік елуліктер және евангелдік христиан баптисттерінен жасақталған командалар өзара сынға түсті. Нәтижесінде 1-орынды «Нұр ғасыр» мешітінің командасы, 2-орынды «Өмір бұлағы» командасы, 3-орынды «Достар» командасы иеленді, — дейді ұйымдастырушы.

Жарысқа қатысқандардың бірі — Айбек Құрманов.

— Спорт болған соң жеңіліс те, жеңіс те болып тұрады. Ең бастысы, осы спортпен айналысып жүріп, өзіме орта таптым. Командалық ойын әрдайым бізді жеңіске жетелейді. Өзара шешім қабылдап, жеңіске жеткенде, әрине, жаттықтырушыдан мақтау естіп, төбеміз көкке жеткендей қуанамыз. Мен волейболдан бөлек, грэпплинг спортымен де шұғылданамын. Спорттың бұл түрі бұлшық еттердің шынығуына, қанайналымының дұрыс болуына септігін тигізеді,  — деді ол.

Іс-шара соңында барлық қатысушы арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button