Жаңалықтар

Әділетті қоғам — парасыз қоғам

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Нұрлан ҚЫЗБЕРГЕНОВ,

Ырғыз ауданының әкімі.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес  — ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық — жай ғана құқықбұзушылық емес, ол еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып жатыр.

Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.

Жалпы Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жіті бақылауға алынған болатын. Соған қарамастан, бұл індеттің қоғам өмірінде әлі де болса да бой көрсетіп қалып жүргені рас. Сондықтан да әрбір мемлекеттік қызметші отансүйгіштікті, ақыл-парасатты, білімді, жігерді, адалдықты жанына жалау етіп, Ата Заңымызды ардақтаса, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесілер еді.

Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жоспарлайтын сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия тұрақты түрде жұмыс жасайды. Жыл сайын комиссияның жылдық жоспары бекітіліп, отырыстар өткізіліп отырады. Комиссия отырыстарында нақты тапсырмалар, орындалуы бақылауда ұсталады.

Аудан әкімдігімен бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Жыл сайынғы бекітілетін жоспар негізінде анықталған сыбайлас жемқорлық ішкі тәуекелдерін жою бойынша тиесілі ұсыныстар беріліп, шаралар қабылданды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекемелер басшылары мен ауылдық округ әкімдері тікелей эфирлер өткізіп отырады. Соңғы 10 ай ішінде инстаграм желісінде барлығы 30-дан астам тікелей эфир өткізіліп, тұрғындардың сауалдарына жауаптар берілді.

Бекітілген кестеге сәйкес әр аптаның дүйсенбі күні аудан тұрғындарын жеке қабылдау өткізіледі. Тұрғындардың түйткілді мәселелерін жедел шешуге басымдық беріледі. Аудан әкімдігінің және өзге де мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында сенім жәшіктері ілінген. Сондай-ақ барлық мемлекеттік мекемелерде сенім телефондары үздіксіз байланысқа шығарылған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі бағыттарының бірі — халықтың сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Осы бағытта соңғы 10 айда ауданымыздың елді мекендерінің орталық көшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарында 23 баннер ілінді. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің инстаграм желісіндегі парақшаларында 50-ден астам ақпарат жарияланып, аудандық «Ырғыз» газетінде 21 мақала жарық көрді. Аудан орталығы Ырғыз ауылының орталық көшесінде орналастырылған LED-экранда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе әзірленген бейнематериалдар тұрғындар назарына ұсынылып отырады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button