Ресми

Хабарлама!

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әрекетсіз, яғни жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша жаңа салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесі пайда болғанын хабарлайды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III-кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша 735 жеке кәсіпкер әрекетсіз деп танылды, оларға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.
Әрекетсіз жеке кәсіпкер екеніңізді тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өту қажет.
Осыған байланысты Комитет жеке кәсіпкерлердің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды жолдауда.
250.00-нысанды декларацияны ұсыну жөніндегі талап қолданысқа енуіне дейін 60 күнтізбелік күн қалғанына назар аударамыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button