Мәдениет

Өнерлі ұжым

Халық арасында ұлттық өнерді насихаттап жүрген топтар аз емес. Соның бірі — «Кең дала» этнофольклорлық ансамблі.

2016 жылы Қобда аудандық өнер мектебінде құрылған ансамбль құрамында 9 адам бар. Олардың әрқайсысы ұлттық аспаптарды жетік меңгерген. Қобыз бен домбыраны былай қойғанда,жетіген, сыбызғы, құссайрауық, қылқобыз, суағаш, сақпан, дарбука,дабыл, тастұяқ,мүйізсырнай секілді аспаптарды шебер пайдаланады.

Марат Нұрмағамбет жетекшілік ететін этнофольклорлық ансамбль құрылған уақыттан бастап республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Алғаш рет  2016 жылы Байғанин ауданында өткен «Ұлттық дәстүр ұлағаты» атты әуесқой ансамбльдердің фестивалінде жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін марапатталды. 2017 жылы Орынбор облысы Тұзтөбе қаласында өткен Қобда ауданының күндеріне де белсене қатысты. Ал 2018 жылы «Өнермен өрілген өмір»атты Тельман Ермағамбетовтің  шығармашылығына арналған облыстық ұлт аспаптар ансамбльдері арасындағы байқауда бас жүлдеге ие болды.

2019 жыл да «Кең дала» үшін сәттілікке толы болды. Бірнеше рет   республикалық, облыстық байқауларда бақ сынап, жүлделі қайтты.

Ал биыл қазан айында «халықтық ансамбль» атағын қорғады.

Төл өнерді насихаттап жүрген ансамбль әлі талай патша көңіл көрерменді  ұлттық өнерімен сусындатары сөзсіз.

А.ТАПАНОВА,

балалар өнер  мектебінің мұғалімі.

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button