Білім

Ұстаз мерейі

Өнеге

Гүлнар Сахатова облыстың білім саласының дамуына үлкен үлес қосты. Әсіресе сұранысқа ие техникалық мамандар даярлауда еңбегі зор. Ақтөбедегі «Нұр», Қазақ-орыс халықаралық университеттерінде проректор қызметін атқарды. «Дүние» университетінің жұмысының бір ізге түсіп, жолға қойылуына ықпал етті. Ол біраз жыл Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің Ақтөбедегі филиалын басқарды. Еліміздің барлық өңірінде аталған оқу орнының филиалдары жабылып қалғанда экономикалық әлеуеті жоғары, Қазақстаның батысының орталығы саналатын Ақтөбеде ұлттық техникалық университеттің филиалы сақталып қалуға тиістігін сол кездегі Білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімоваға дәлелдеп, филиалдың қайта ашылуына мұрындық болды. 

Кейін кейіпкеріміз Ақтөбе сервис колледжін басқарып, биыл зейнеткерлік демалысқа шықты.

Техника ғылымдарының кандидаты, доценті, ҚР Халықаралық ақпараттық ғылым академиясының мүшесі Гүлнар Санкешқызының білім саласындағы ұзақ жылғы еңбегікезінде Кеңес өкіметі тарапынан да (КСРО авторлық куәлігі), бұрынғы Білім және ғылым министрлігі тарапынанда лайықты бағаланды. Ол —«Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің және ҚР 8 предпатент иегері. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хат, Құрмет грамотасымен марапатталды. Ғалымның 60-тан астам баспа еңбегі, «Коллоидтық химия» оқулығы жарық көрді.

Әкесінің «кесірінен» алтыннан құр қалды

Гүлнар Санкешқызы 1961 жылы Темір қаласында педагогтер отбасында дүниеге келген. Әкесі — математика, анасы химия пәнінің мұғалімдері болған. 1970 жылы әкесі «Сарыкөл» кеңшарына мектеп директоры етіп тағайындалып, Сахатовтар отбасы сонда қоныс аударады. Сөйтіп, кейіпкеріміз Сарыкөлдің мектебін бітіреді. Алғыр, зерек қыз алтын медаль алар еді, бірақ әкесі кедергі келтіріпті. Аттестатқа математика пәнінен түскен «төрттікті» әкесі әдейі қойдырған екен. Бұған, әрине, қызы реніш білдіреді. Сонда әкесі: «Мәселе бағада емес, білімді болсаң, далада қалмайсың», — депті. Мұндағы әке ойы «директор болған соң қызына алтын медаль алып берді» деп ел-жұрт босқа сөз қылады, қызым білімін мықты оқу орнының студенті атанып дәлелдесін болыпты. Аттестатқа түскен сол бір «төрттік» жас түлектің дәрігер боламын деген мақсатын бір-ақ сәтте өзгертіп жібереді.

«Әкем «әкесінің арқасында» деген сөзден қашқан екен. Ендеше кім болатынымды да өзім шешейін деп әкеме ерегескенде есебі көп оқуды таңдадым, — дейді кейіпкеріміз. Содан әкесінің «Алматыдағы нархозға апарамын» деген сөзін де тыңдамай, «Инженер боламын» деп Теміртаудан бір шыққан. Сөйтіп,жоғары техникалық оқу орнына құжат тапсырыпты.

Есебі көп оқу алға жетеледі

«Ол кезде Теміртаудағы жоғары техникалық оқу орны тау-кен және металлургия саласы бойынша кадр даярлайтын Кеңес өкіметіндегі 5 мықтыинституттың бірі болатын.Стипендиясы да көп еді.

Біздің жас кезімізде үздік аттестат иегерлері жоғары оқу орнына түсу үшін тек екі пәннен ғана емтихан тапсырады. Бұл — үлкен мүмкіндік. Сол екі пәннен 9-10 балл алса, жалпы конкурсқа қатыспай, оқуға бірден қабылданады. Мен математика мен химиядан сынақты5-ке тапсырдым да, жалпы конкурсқа түспей, оқуға қабылдандым», — дейді Гүлнар Санкешқызы.

Зейінді, пысық қыз мұнда да алғырлығымен көзге түседі. Сабақты5-ке оқиды. Топта старостаболды. Қоғамдықжұмыстарғабелсенеқатысты. Кәсіподақұйымыныңтөрағасы болды. Институт тарапынанқалалықкеңестің XVIII шақырылымына депутат болыпсайланды.Әраптасайынөткізілетінжолдастықсоттыңзаседателі де болды.

Арада бес жыл зымырап өте шықты. 1983 жылы кейіпкеріміз институтты қызыл дипломмен бітіреді.Химик, инженер-технолог маманы атанды. Оған Атырау қаласындағы институтқа жұмысқа орналасуға жолдама беріледі. Дегенмен еті тірі, жұмысқа қабілетті қызға сұраныс көп болып, өндіріске шақырту алады.

Профессор ойынан неге айныды?

«Теміртауда синтетикалық каучук зауытының бас инженері Жұмабаев мені зауытқа жұмысқа шақырды. Ол кісіге менің дипломдық жұмысты ізденіп, жақсы тиянақты зерттегенімұнапты. Беделді  зауытта жұмысқа тұруға қуана келістім. Дегенмен жолдама Атырауға берілген соң, өздігімнен бас тарта алмасым анық еді. Бұл мәселені институт ректоры шешіп берді. Сөйтіп, каучук зауытына жұмысқа орналастым. Жатақханадан орын берілді.

Ол кезде аспирантураға оқуға түсу үшін 3 жыл өндірісте еңбек етуің керек.

Зауытта жұмыс жасағанымаекі-ақ ай өткен соң басшылық мені шақырып: «Аспирантураға барасың» деді. Содан Мәскеуге жол тарттым. Әлі есімде 26 тамызда Мәскеуге ұшып бардым. Үстімде үлбіреген шифон көйлек, аяғымда жазғы аяқкиім. Ал Мәскеуде ауа райы тым суық, жаңбыр құйып тұр екен. Ел-жұрт куртка, етік киіп алған. Институтқа бардым. Кафедра меңгерушісі, профессор Николай Торочешников деген кісінің жасы 80-ге таяп қалған екен. Менің жаз киіміме қарап таңырқады. «Аяқ астынан ұштым, оның үстіне біздің жақта жаз, сіздерде күз ерте түсетінін білмеппін» дедім. Ол менің құжаттарымды мұқият қарап шығып, сен бізге оқуға түсе алмайсың, өйткені органиксің, бізге бейорганик маман керек демесі бар ма?.. Мұны естігенде жаңбырға жаурап тоңғаным ешнәрсе емес, жан дүнием тіптен астан-кестен болды.

Содан әңгімеден әңгіме шығып, Хемингуэй шығармашылығы туралы айтты. Николай Торочешниковхимик болса да, көркем әдебиетті өте жақсы біледі екен. Мен де әдебиетті сүйіп оқимын. Ауылдың кітапханасындағы барлық кітапты оқып бітіргенмін. Профессор әлем классиктерінің қай шығармасы туралы әңгіме айтса да, тосылып қалмай, бірге талдап отырмын. Сөйтіп, екі сағат әңгімелесіппіз. Ол: «Қазақстанда ой-өрісі, дүниетанымы кең жастар барын білмейді екенмін» деп маған таңғалды. Сосын сөзін әрі қарай жалғап: «Сендей жастар оқу керек, ғылымды дамытуға үлес қосу керек. Сенің жағдайыңда аспирантураға түсудің екі-ақ жолы бар: біріншісі,өндірістік іс-тәжірибеден өту керек, екіншісі, бейорганикалық химия бойынша институтқа қайтадан оқуға түсу қажет. Төте жолы — өндірістік іс-тәжірибе. Мен Жоғары кеңеске шығып, сізге өндірістік іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік беруін сұраймын, ректорыңа хат жазып беремін, қол қойдырып алып кел» деп қолдау білдірді. Сөйтіп, Мәскеудегі Менделеев атындағы химия-технологиялық институтында 8 айөндірістік іс-тәжірибеден өттім. Ғылымның жолы ашылды. Аспирантураны тәмамдадым. Профессор Николай Семеновичтің үмітін ақтадым. Мені жүрген жерінде мақтап, студенттер мен аспиранттарға үлгі-өнеге ететін.

1989 жылы 25 қаңтарда Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының экологияға әсері туралы кандидаттық диссертациямдысәтті қорғадым. Тұрмыс құрып, еліме, Ақтөбеме оралдым. Ол кезде техника ғылымдарының кандидаттары аз болатын. Төрт мекеме жұмысқа шақырды. Соның ішінде Ақтөбе ферроқорытпа зауыты да бар. Бірақ мен баспанамен қамту мәселесі жолға қойылған «ЗапКазГеология» мекемесін таңдадым. Орталық зертханаға әдіскер болып жұмысқа орналастым», — дейді Гүлнар Санкешқызы.

Лайықты таңдау және жауапкершілікжүгі

Ол 90-жылдары елімізде ашылған алғашқы жеке оқу орындарының бірі «Нұр» институында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. Кейін «Дүние» университетіндежемісті жұмыс жасады.

1999 жылы оған жаңа қызметке, лауазымды қызметке тұруға ұсыныс түсті. Сол кездегі Ақтөбе қаласының әкімі Елеусін Сағындықов арнайы шақырып, Ақтөбеде Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің филиалы ашылатынын, соған директорлық лауазымға Гүлнар Санкешқызының кандидатурасын лайық санайтынын айтыпты.

«Мен үшін бұл тосын жағдай болды. Өз саламдағы жұмысты жақсы білсем де, бұрын басшы болып көрген жоқпын. Ал басшылық міндеттің жауапкершілігі ауыр.  Келіскен жоқпын. «Қазақта «Әйел бастаған көш оңбайды» деген нақыл бар, директор ер адам болсын, мен орынбасар болайын, университеттің барлық шаруасын атқарып отырамын» дедім. Елеусін Наурызбайұлы қазақтың қыздары мықты екенін тарихтан мысал келтіріп, Томиристі, Бопай ханымды айтты. Сөйтіп, ақыры директор болуға көндірді.

Ол кезде Ақтөбеде техникалық бағытта білім беретін жоғары оқу орны болған жоқ. Қазіргі Жұбанов атындағы өңірлік университет сол жылдары педагогикалық кадрлар даярлайтын. Сол себептен де өңірде техника ғылымдарының кандидаты тапшы болды. Ал жаңа оқу орнының директорына қойылатын талаптың бірі — техника ғылымдарының кандидаты болуы керек екен. Сөйтіп, таңдау маған түскен, — дейді Гүлнар Сахатова.

Ұстаз тағылымы

«Елеусін Наурызбайұлы —дара тұлға. Ол кісі маған ұстаз болды. Мен ол кісініңәкелік қамқорлығын көрдім.Ұжым басқаруды Елеусін Наурызбайұлы үйретті. Ақыл-кеңестерін айтып отыратын. «Басшы ең алдымен өз ұжымын жақсы көруі керек» дегенді жиі айтатын. Елеусін Наурызбайұлы:«Әкімдіктегі қызметкерлердің жалақысы аз, ал оны көтеруге менің құзыретім жетпейді. Оларға қолымнан келгенше көмектескім келді.  Сөйтіп, асханадан тегін түскі ас берілетін болды. «Автопарк» серіктестігінің басшылығымен келісіп, қызметкерлерді үйлерінен жұмысқа алып келіп, апарып тастайтын қызметтік автобуспен қамтамасыз еттім» деген-ді. Мен де бұл әдісті өз тәжірибемде қолдандым. Университетте 200-ге жуық адам жұмыс жасады. Демеушілердің көмегімен Мұғалімдер күнінқаладағы ең жақсы мейрамханада тойлайтынбыз. Жазда автобус жалдап табиғат аясында демалатынбыз. Бұл дәстүрге айналған болатын…

2004 жылы министрліктің шешімімен біздің филиал жабылып қалды. Ел бойынша солай болды. Ата-аналар шу шығарды. Сосын КазНТУ-дың базасында Ақтөбе политехникалық институты ашылды. Ректор болдым. Арада бірер ай өткеннен кейін Білім және ғылым министрі болып Бірғаным Әйтімова тағайындалды. Министрмен кездесіп, Ақтөбе секілді өндіріс орындары көп, экономикасы қарқынды дамып жатқан өңір үшін Қазақ ұлттық техникалық университеттің филиалы керектігін айттым. Сөйтіп, министр рұқсат беріп, аймақтық филиал ашылды. Бізде тек Ақтөбенің ғана емес, еліміздің батыс аймағының жастары оқыды.Политехникалық институтың студенттері КазНТУ-ға қайта оралды.

2009 жылы аймақтық филиал жұмысы тоқтады. Сол жылы Алматыдағы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетте докторантурада оқыдым.

2010 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетінде бірінші проректор болып жұмысқа тұрдым. Ондаорганикалықемесзаттардыңтехнологиясымамандығынаштық. 

2017 жылыАқтөбе сервис колледжіне директор болдым. Жастардың сапалы білім алуы үшінбілім шаңырағының материалдық-техникалық базасы мықты болуға тиіс. «Жас маман» жобасы аясында кәсіптік-техникалық білім беру саласының материалдық базасын халықаралық стандарттарға сәйкес нығайтуда ел тәуелсіздігін алғалы бері болмаған үлкен қолдау көрсетілді. Жобаның басты мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу. Жобаның артықшылығы — ең қажетті мамандықтарға басымдық берілді. Ал бұл сапалы, бәсекеге қабілетті маман даярлауға үлкен мүмкіндік береді.

«Жас маман» жобасын іске асыру жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Оқу орындарының сапа көрсеткіштері сарапқа салынып, қорытындысында Ақтөбедегі 10 колледж іріктеліп алынған болатын. Соның бірі біздің колледж болды. Колледжіміз үшін республикалық бюджеттен 323 миллион теңге бөлініп, бұл қаражатқа халықаралық стандартқа сай келетін соңғы үлгідегі жабықдықтар сатып алынды. Аспаз, кондитер, тігінші мамандықтары үшін 3 шеберхана жабдықталды. Колледж ғимараты апаттық жағдайда болатын. Бұл мәселе де оң шешіліп, типтік үлгідегі ғимаратқа көштік.

Кеше зейнет демалысына шықтым. Ұжымымқимастықпен шығарып салды, — дейді Гүлнар Сахатова.

Ол 3 бала тәрбиелеп, өсірді. Бүгінде Әсел мен Жалғас жоғары білім алып, беделді мекемелерде басшылық қызмет атқарып жүр. Олардан 5 немере сүйіп отыр. Ал кенжесі Абылайхан — студент.

Гүлнар Санкешқызы даярлаған химик, инженер-технолог секілді көптеген техникалық мамандар еліміздің әр өңірінде өндірісті өркендетуге өз үлестерін қосып жатыр. Ұстаз еңбегінің жемісі — осы.

  Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button