Ресми

Тұрғын үй сертификаты деген не және оны қалай алуға болады?

Жылжымайтын мүлікті сатып алу — бұл үлкен инвестицияны қажет ететін күрделі мәміле. Бұл процесте халыққа көмектесу үшін тұрғын үй сертификаттары бөлінеді.

Сертификат мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы немесе ҚР Ұлттық Банкі бекіткен кез келген басқа ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде беріледі. Сертификат сомасы 1,5 миллион теңгеден аспайды. Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Сертификатты тек бір рет алуға болады.

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:

1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;(көпбалалы отбасылар; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар; толық емес отбасылар;)

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №154 «Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларындағы сұранысқа ие мамандар.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

– Өтініш.

– Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі).

– Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына)).

– Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама.

– Қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуге тиіс.

Қызмет көрсету нәтижесі — түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе негіздер бойынша дәлелді бас тарту.

Толық ақпарат алу үшін «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ-не мына мекенжай: Некрасов көшесі, 112  бойынша хабарласуға болады.

 Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button