Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Үзінді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
Қаулы етемiн:
- Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:
«Парасат» орденімен
Баймағамбетова Замзагүл Хамитқызы — жеке кәсіпкер, Ақтөбе қаласы.
Салфиков Талғат Маратұлы — «Анвар» ЖШС құрылтайшысы, Ақтөбе қаласы.
«Құрмет» орденімен
Бақытжанов Мағзом Сәфиұлы — «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» МКҚК әртісі, Ақтөбе қаласы.
Боранқұлов Амангелді Қапиұлы — «Aqtobe su-energy group» АҚ бас директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы.
Каршигин Руслан Дәулетқалиұлы — «Дәулет Групп» ЖШС директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы.
Қасенов Құтым — жеке кәсіпкер, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы.
Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы — еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.
Мырзалин Абдухат Қапанұлы — «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ басшысы, Ақтөбе қаласы.
Оразымбетов Серік Нитуллаұлы — «Данияр» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.
Өтегенов Ардақ Садақбайұлы — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ басқарма бастығы, Ақтөбе қаласы.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Ермаханов Нұрланбек Ертілеуұлы — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатының цех бастығы, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.
Жалмағамбетов Дабыл Советұлы — «Энергосистема» ЖШС Ембі электр желілері учаскесінің электромонтері, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.
Ушакова Татьяна Петровна — «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ зерттеу зертханасының бастығы, Ақтөбе қаласы.
«Ерлігі үшін» медалімен
Саламатов Асан Аманжанұлы — «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, Ақтөбе қаласы.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен
Әміров Руслан Әлібекұлы — «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Қарғалы ауданы өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Айдашева Рузия Әдиетқызы — «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы.
Алипов Төремұрат Қуанышбайұлы — «Асылзат» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Байғанин ауданы.
Ахметов Серік — «Актюбинский вестник» облыстық-қоғамдық саяси газетінің жауапты хатшысы, Ақтөбе қаласы.
Әбді Жазылбек Оразбекұлы — «Көпсалалы облыстық ауруханасы» МКК хирургия бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы.
Бисембаев Арман Ауғанұлы — «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК аға ғылыми қызметкері, Ақтөбе қаласы.
Биманова Бибігүл Ерболатқызы — «Aqtobe» телеарнасының шеф-редакторы, Ақтөбе қаласы.
Жарылғасова Жаңылсын Майланқызы — «Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы» КММ мұғалімі, Ақтөбе қаласы.
Кішкенебаев Сағындық Мырзағалиұлы — «Жаннұр» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы.
Қуанышев Болат Мұқанұлы — «Аqtobe su-energy group» АҚ күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, Ақтөбе қаласы.
Құлмұханов Арман Жақсанұлы — «Ақтөбе ЖЭО» АҚ турбина цехының ауысым бастығы, Ақтөбе қаласы.
Лазарчук Евгений Геннадьевич — ерікті, Ақтөбе қаласы.
Мұздыбаев Ержан Мұздыбайұлы — «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы, Ақтөбе қаласы.
Назарбаев Төлепберген Назарбайұлы — «Шалқар аудандық ауруханасы» МКК дәрігері, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы.
Ниязова Дина Аманғазықызы — «Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» МКҚК камералық оркестрдің сүйемелдеушісі, Ақтөбе қаласы.
Пангереев Абат Шамұлы — «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ профессоры, Ақтөбе қаласы.
Сатыбалдин Азамат Құрмантайұлы — «Ақтөбе облысының полиция департаменті» ММ бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласы.
Сәліш Салтанат Сәлішқызы — «Әбіш Кекілбаев атындағы №72 жалпы білім беретін орта мектеп лицейі» КММ мұғалімі, Ақтөбе қаласы.
Семенцул Сергей Владимирович — «Успех» ШҚ басшысы, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы.
Убаев Ағаділ Құдайбергенұлы — «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ самбо бөлімінің жаттықтырушысы, Ақтөбе қаласы.
Ыбраев Ербол Сағатұлы — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Октябрьмұнай» мұнай газ өндіру басқармасының операторы, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы.
«Шапағат» медалімен
Досмағамбетов Әнуар Сағидоллаұлы — «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» МҚК кардиохирургиялық бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе қаласы.
Ерғазина Қаламқас Боранбайқызы — «Көпсалалы облыстық аурухана» МКК хирургия бөлімінің аға мейірбикесі, Ақтөбе қаласы.
Жанқұлов Марат Хадрединұлы — «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті» МҚК бас дәрігері, Ақтөбе қаласы.
Жарболова Нұрила Қыдырбайқызы — «Жайна» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру стационарының бас директоры, Ақтөбе қаласы.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
Бекжанов Медет Темірханұлы — Тәңірберген ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы.
Дуля Николай Васильевич — «Энергосистема» ЖШС аға диспетчері, Ақтөбе қаласы.
Мырзағалиева Сапура Сағынқызы — жеке кәсіпкер, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ.
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 16 қазан
№377