Спорт

Қола жүлдемен оралды

Футбол

 Ақтөбе қаласындағы «Ақбөбек» халықаралық мектебінің оқушылары футболдан өткен әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді.

«Ақбөбек» халықаралық мектебінің командасы биыл сәуір айында мектептер арасында футболдан өткен облыстық турнирде жүлдегер атанып, 3 млн теңге сыйақы ұтып алған-ды. Нәтижесінде команда Испанияның Барселона қаласында 13-15 қазанда өткен халықаралық WSG сайысына қатысып қайтты.

Команданың жаттықтырушысы Ерік Ермағамбетовтің айтуынша, аталған мектептер арасындағы әлем чемпионатына Испания, Англия, Болгария, БАӘ, Ирландия, Қазақстан, Латвия, Германия, Катар, Нигерия, Бразилия, Танзания, Уганда, Гибралтар, Малайзия, Греция, Оңтүстік Корея, Нидерланды сияқты 20 елдің командалары қатысқан. Осылардың ішінде Ақтөбеден барған «Ақбөбек» командасы Германия құрамасын 6:0 есебімен жеңген. Содан кейін олар Шотландиядан келген құрдастарын минималды есеппен ұтыпты. Жартылай финалда Дубай командасына пенальтиден ұтылған. Үшінші орын үшін болған кездесуде ақтөбеліктер румындықтарды жеңіп шыққан.

— Өкініштісі, бізді Испания елінде ешкім танымады. Содан болар, біздің балалар намыстанып, ойында жақсы нәтиже көрсетуге тырысты. Осылайша біз өзгелерге Қазақстан деген елдің барын, қазақ балаларының футболға деген қызығушылығы зор екенін дәлелдеп келдік, — дейді Е.Ермағанбетов.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button