Пікір

Тарихи қадам

Гүлнар СЕЙТАЛИНА,
облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының міндетін атқарушы.

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізіміне бірқатар өзгеріс енгені белгілі. Соның бірі — Республика күнінің ұлттық мереке мәртебесіне ие болуы. Бұл өте орынды деп білемін, өйткені 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл — еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам.
Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күнін жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. Республика күні елдің мемле¬кет құру жолын¬дағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі қажет», — деген пікірі осынау мерекенің қадірін айшықтай түседі.
Республика күнін өзге атаулы мерекелер сияқты облыстық халық шығармашылығы орталығы да елеусіз қалдырмайды. Мерекеге орай көптеген мәдени-танымдық, ерекше шаралар жоспарланып отыр. Мақсат бір — елдігімізді көрсету, жастар арасында патриоттық сезімді нығайту.
Ұлттық мереке – елдік пен тарихи сананы жаңғырту жолы. Елдің рухани өркендеуі үшін де Республика күнінің мәні зор

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button