Спорт

Жарыста бас қосты

Волейбол

Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында волейболдан спорттық турнир өтті.

Жарысқа қатысуға 7 команда өтініш берген.

Турнирдің ашылуында алдымен мемлекеттік Әнұран шырқалып, кейін орталықтың сектор меңгерушісі Айгүл Қанафия сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ойын басталмас бұрын команда капитандары арасында жеребе тасталып, төреші нұсқауына сәйкес ойын тәртібі бекітілді.

Қызу тартысқа толы турнир нәтижесінде оқ бойы озып шыққан 3 команда жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, «Аңсар-Байғанин» қоғамдық бірлестігі ұсынған команда жеңімпаз атанып, І орынға ие болды. Жүлделі ІІ орын — «Медина», ал ІІІ орын «Қомар» командасына бұйырды.

Сондай-ақ турнир барысында керемет ойын көрсеткен үш волейболшы қызға «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік тосқауылшы» номинациялары берілді.

Сайыс соңында команда ойыншылары  бір-бірімен қол алысып, көтеріңкі көңілкүйде тарасты.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button