Ресми

Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу туралы шешімді қалай алуға болады?

Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, ғимараттарды бұзудың жобалық құжаттамасын әзірлеу кезінде ғимараттар мен құрылыстарды техникалық немесе технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу және жауапкершілік деңгейі ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары белгіленеді.

«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес аталмыш нысандардың иелері ғимараттар мен құрылыстарды бұзуды объектілерді кәдеге жаратудан кейінгі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімнің негізінде өз күштерімен жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік қызмет түрін «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығы негізінде көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға нысан бойынша өтінішті төменде көрсетілген құжаттарды қоса беріп, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

егер бұзу мердігерлік тәсілмен орындалса, мердігерлік жұмыстарға арналған шарттың электронды көшірмесі ұсынылады;

егер жылжымайтын мүлік объектісінде бірнеше меншік иесі болған жағдайда объектінің басқа меншік иелерінің кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін және оның параметрлерін жүргізуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электронды көшірмесін ұсыну қажет;

егер құрылыстарды бұзу жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу олардың мүдделерін қозғайтын болса, үй-жайлардың (үй бөліктерінің) сабақтас меншік иелерінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімінің электронды көшірмесін ұсыну қажет;

ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытындының электронды көшірмесі;

ЖЖЖ Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген объектілер бойынша қажет емес)/жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының электронды көшірмесі;

объект авариялық деп танылған жағдайда жергілікті атқарушы орган құратын ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №795 бұйрығымен бекітілген Авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың А қосымшасына сәйкес бұзу туралы тиісті қорытындының электронды көшірмесі.

«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті ОНЛАЙН алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

www.elicense.kz «электрондық лицензиялау» порталына кіріңіз;

Жүйеге кіріп (ЭЦҚ кілтіңіз қажет), www.elicense.kz «электрондық лицензиялау» порталында тіркеліңіз;

Қызмет тізімінде «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» табыңыз;

Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып «Қызметке онлайн тапсырыс беру»батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.

Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

Берілген өтініш мәртебесін «Менің өтініштерім» тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсатқұжаттарым» тарауынан, хабарлама алутуралы – «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құраса, ал техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер 10 (он) жұмыс күнінде қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып саналады.

Бұзу туралы шешімді алу үшін басқа мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу талап етілмейді.

Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекенжайында орналасқан «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нен алуға болады. Байланыс телефоны: 8 (7132) 417040, инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасы:  saulet_aqtobe.

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button