Ауыл

Жаркемер ауылына газ берілді

Ауыл — ел бесігі

Мұғалжар ауданы әкімдігінің «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-мен бірге жүргізілген келіссөздері нәтижесінде Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жаркемер ауылына газ берілді.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Бокашев, «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС аппаратының басшысы Асхат Өтегенов және ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, қазіргі таңда аудан халқының бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселелерге басымдық берілетінін атап өтті.
Жағабұлақ ауылынан Жаркемер ауылына газ құбырын тарту жұмыстарын «Енисей-22» ЖШС жүзеге асырды.
Газ тарту жұмыстарына «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС демеушілік көмек көрсетті. Бүгінде Жаркемер ауылындағы 17 үйде 81 адам тұрады. Ауыл тұрғындары газ тарту жұмысын белгіленген уақытында орындағандары үшін жауапты мердігер мен демеушілік көрсеткен «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС-ына алғыстарын білдірді.

Жандос АЙТЖАНОВ,
Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button