Пікір

«Халқымыздың тарихы да, тағдыры да тілінде»

Нұрдәулет АЛДАШЕВ,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарың кандидаты, доцент,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы. басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «…бірінші – қазақ тілі болу керек. Қазақтың тілі – қазақтың жаны. Халқымыздың тарихы да, тағдыры да тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде » – деп көрсеткен болатын. Қазақстан халқы мемлекет басшысының әрқашан тіл мәселесіне қолдау көрсетіп жүретінін жақсы білеміз. Осындай жарқын көріністің, қолдаудың бірі – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханды қабылдауы еді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжехан кездесу барысында қоғамның атқарылып жатқан жұмыстары мен жоспарлары туралы жан-жақты баяндады. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына оң баға бере отырып, қазіргі заман үрдісіне сай, заманауи бағытта әсіресе, ғылым мен техниканың тілі болу жолында жұмыстарды жүргізу мен оны дамыту туралы сөз етті. Сонымен бірге халықтың тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін арттыру мәселесі, әсіресе қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары арасында жазу мен оқу, оның ішінде жастардың ана тілімізге деген құрметін арттыру күн тәртібінен түспек емес. Қазақ тілі – халқымыздың үні, айбыны. Осы мақсатта атқарылатын жұмыстарға тоқтала келіп, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі маңызды екенін, осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажеттілігін баса айтты. Себебі, латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажеттілігіне тоқтала келіп, шетелдік алдыңғы қатарлы осы бағыттағы жетістіктерді енгізуге басым бағыт беру қажеттілігін айтты. Сондықтан бұл мәселеде жеңіл жол іздемей, латын әліпбиіне көшу үшін емле ережесінің сақталуына баса мән беру қажеттілігін, бірізділік, ортақ қағида болуы керектігін өзі қағаз бетіне жазып, көптеген мысалдармен көрсетіп берді. Сонымен бірге ғаламдық сандық платформалар мен қазақ тілін оқытуда отандық ақпараттық байланыс құрылымдарын жетілдіру бағытындағы өз ойын тұжырымдады. Қай заманда болмасын ұлт тағдыры мемлекет болашағы туралы дана көсемдеріміз бен атақты би-шешендеріміз, ел басқарған әлем танып мойындаған, қоғам қайраткерлері «Ел тағдыры – ер тағдыры» деген тұста халықты бірлікке, туыстыққа, жауапкершілікке, бірлесуге шақырады. Осы кездесуде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қазақ тілінің болашағын ойлайтын және әрқашанда ана тіліміздің қолдаушысы, халқымыздың діні мен ділін, мәдениеті мен тарихын, салты мен дәстүрін қолдайтын мемлекет қайраткері екенін тағы бір нақтылап көрсетті..

Нұрдәулет АЛДАШЕВ,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарың кандидаты, доцент,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button