Пікір

Декларация — тәуелсіздігіміздің іргетасы

Думан САРБАЕВ,

С.Бәйішев университетінің аға оқытушысы,

тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Алты алаштың ардақтысы, ұлтының еркіндігін аңсаған Әлихан Бөкейханов өз заманында «Тірі болсақ алдымызда үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде, бөлек мемлекет болар!» деп елдік сенімін айтқан екен.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация — 1990 жылы 25 қазанда Қазақ коммунистік социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат.Республика күні  Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған күннен бастап атап өтіледі. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация еліміздің болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның  маңыздылығы — еліміздің территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. ҚазКСР егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді. Онда алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді. Сондай-ақ құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешу принципі де жарияланды. ҚазКСР-і өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал Президент мемлекет басшысы, әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды. Осы декларацияның арқасында біз кеңестік заңдарды қолданудан бас тартып, өз Ата Заңымызды құруға қадам бастық. Сондықтан осы қағидаттардың негізінде кейінірек — 1991 жылғы 16 желтоқсанда — «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Декларацияға сәйкес адамдарда КСРО азаматтығын сақтап қалу құқығы болды. Сонымен қатар ол Қазақстанның халықаралық қатынастардағы дербестігіне кепілдік бере алған жоқ. Мемлекет КСРО-дан шығуға құқылы болғанымен, іс жүзінде оның құрамында болды. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заң қабылданғаннан кейін ғана Қазақстан әлемдік қоғамдастық мойындаған тәуелсіз мемлекеттің заңды рәсімделген мәртебесіне ие болды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

«Егемендікдекларациясы мен Тәуелсіздікдекларациясыарасындамаңыздысабақтастықжатыр. Өйткеніегемендіксізтәуелсіздік те болмаседі», — деп академикАмангелдіАйталыөз пікірін айтқан еді.

«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуға тиіс», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Заманауи талапқа тез төселіп, экономикалық үдерістерді үйлестіре білген әлемнің көптеген елдері Республика күніне аса құрметпен қарайды. Бұл күн олар үшін құнды. Елдік еркіндік, азаматтық азаттық, ұлттық ұлағат осы күнмен астарласып жатыр.  Бұл күнді ұлттық өрлік пен азаттықтың ақшамы деп есептейміз.

Бабаларымыз бағзы заманнан армандаған осы күнге оңай жеттік пе? Тар жол, тайғақ кешуге тап болса да, теңдіктің туын көкке көтерген қазақ сан ғасырлар бойы азаттықты аңсап өтті. Ереуіл атқа ер салып, елім деп өткен есіл ерлердің ерлік жолдары бүгінде тарихтың қалың беттерінде хаттаулы. Олардың соқтықпалы соқпақтарда сынбаған сағы, езілмеген еңсесі өскелең ұрпаққа өлмес өнеге. Сол өнеге бүгінгі жастарға қуат беруі керек. Ал олар қуатты болу үшін ұлттық тәрбие басты назарда болса игі.

Осылайша Республика күні ұлттық мереке санатына енді. Ұлттық мереке кезінде еліміздің барлық мекемелерінде  міндетті түрде ресми іс-шаралар өткізілгені дұрыс, себебі бұл атаулы күн ескерусіз қалмауы керек және жас ұрпақ үшін маңыздылығы зор.  

Егемендіктің елеулі нәтижелерінің бірі — білім беру ісі елімізде жігерленіп, жетістіктерге жете бастады. Тәуелсіз еліміздің дамуына бірден-бір үлес қосып келе жатқан Сақтаған Бәйішев унверситетінің іргесі 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе бөлімі ретінде құрылған болатын. Бүгінгі күнде университет түлектері мемлекетіміздің барлық саласында ел игілігі үшін қызмет атқаруда.

Университет қоғам алдында зияткерлік жауапкершіліктің бірыңғай жаһандық мәдениетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру және зерттеулер жүргізу бойынша белсенді жұмыспен айналысатын студенттер мен ғалымдардың өсіп келе жатқан білім ошағына айналды.

Бірнеше халықаралық ұйымдармен байланыстарды арттыру мақсаты — кәсіби дағдыларды дамыту және жетілдіру, өз бетімен білім алу. Коммуникация және ТМД елдері, Балқан түбегі, Еуропа және АҚШ әріптестерімен озық тәжірибелермен алмасу.

С.Бәйішев университеті — білім беру мекемелерімен, ғылыми институттармен, түрлі профилді және кәсіби қоғамдастық, соның ішінде халықаралық компаниялармен байланыс орната отырып, білім берудің әлемдік жүйесін дамытуда және қолдауда «ашық жүйе» принципін басшылыққа алады. Барлық игі істердің басынан көрінетін бұл білім ордасы да осы ұлттық мерекеміз —  Республика күнін ерекше атап өтуді жоспарлап отыр. Университетте «Менің Республикам — Қазақстан!» тақырыбында ашық алаң шарасы өткізілмекші. Бұл шараны өткізудегі мақсат — жастардың елжанды, білімді, зерек азамат болып қалыптасуына жолсілтеу.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button