Ресми

Құрметті Ақтөбе облысының кәсіпкерлері!

«БІРІҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» а.ж. 28 қыркүйегі

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы 2023 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 15:00-де бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Бірыңғай есеп беру күнін» өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Бірыңғай есеп беру, Ақтөбе қалалық мәдениет үйі ғимаратының конференц залында (Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31) өткізу жоспарланып отыр, оның мақсаты кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту болып табылады.
Іс-шара шеңберінде сізде бақылау-қадағалау органының қызықтырған сұрақтарын қоюға және нақты жауап алуға мүмкіндік бар.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерді а.ж. 25 қыркүйегіне дейін: dkb2014@bk.ru электрондық мекен-жайы немесе 8 (7132) 410-444 (ішкі:111, 112,113) нөмірі бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button