Ресми

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы лауазымына Көбеева Гүлбағда Қайратқызы тағайындалды.

Ол 1991 жылы Шалқар ауданында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 «Жас Отан» жастар қанаты жанындағы Қоғамдық қордан бастаған. 2012-2014 жылдары республикалық «Хабар24» телеарнасында редактор, 2014-2019 жылдары облыстық Aqtobе телеарнасында тілші-тележүргізуші, 2019-2022 жылдары республикалық «КТК» телеарнасының Астана қаласындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

Осы кезге дейін Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің маманы қызметін атқарып келді.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Түркиядағы «Канал D», «CNN» телеарналарында тәжірибе жинақтаған.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button