Ресми

Асқар Ғабидуллин қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қала әкімі Н.Әбдібековтің өкімімен

Асқар Ғабидуллин қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ҒАБИДУЛЛИН Асқар Маратұлы 1976 жылы 23 мамырда туған. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан аграрлық университетін экономист-менеджер біліктілігі бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1998 жылы Ақтөбе аумақтық мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы болып бастаған.

«Ақтөбеагро» ЖШС менеджері, «Орас» ЖШС бөлім бастығы, «Рамазан» ЖШС бөлім бастығы, «Өлкем» ЖШС директоры, «Арнаулыавтокөлік» АҚ бас инженері, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бастығының орынбасары, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2009 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы болып қызмет атқарды.

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Руханият демекші, http://ruhaniat.yolasite.com/ сайтында «Мәңгілік бақыттың құпия кілттері» атты еңбектен үзінділер жарияланыпты. Онда Жаратылыс, Болмыс, Рух, иман, Қызыр Ата кім т.т. тәрізді сауалдарға ғылыми жауаптар берілген тәрізді. Жазып отырған Нұр екен. Дұрысын АллаҺ Тағала біледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button