БілімӘлеумет

Қолдау көрсет, суретке түсірме!

Қазір барлық өңірде оқушыларды мектепке әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде қайырымдылық көмекке мұқтаж отбасылардың балалары да бар.

Оқу-ағарту министрлігі балаларға көмек көрсеткен жағдайда оларды суретке түсірмеуге, аты-жөндерін көрсете отырып, ақпарат таратпауға шақырды.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің басшысы Насымжан Оспанованың айтуынша, көмек берілген отбасын, баланы суретке түсіру кейде келеңсіз жағдайларға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар ол баланың көңіл күйіне, психологиясына да кері әсер етеді.

Баланың жаны нәзік, жараланғыш келетінін ұмытпау керек. Сондықтан қолдау көрсеткен, тіпті сыйлық жасадым деген жағдайда да суретке түсіріп, интернетке, әлеуметтік желілерге жүктемеңіз, — деді Насымхан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында.

Айта кетейік, елімізде «Мектепке жол» акциясы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акцияға қолдау көрсеткісі келген кез келген адам жақын маңдағы мектепке хабарласуы керек.

А.САРЫБАЙ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button