Ресми

Заңнамалық өзгерістер түсіндірілді

Облыстық әділет департаментінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ құқықтық мониторинг жүргізу мәселелері бойынша семинар өтті.

— Шілде айынан бастап көптеген заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Семинар барысында әділет департаментінің мамандары сол жаңашылдықтарды құқықтық актілер жобасының әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік мекемелердің жауапты мамандарына түсіндірді. Өздеріңіз білетіндей, шешім қабылдар алдында мәслихатқа мемлекеттік органдардан жобалар келіп түседі. Аталған жобаларды осы семинар қатысушылары дайындайды. Сондықтан бұл шараның олар үшін маңызы зор, — дейді Ақтөбе қалалық мәслихатының құрылымдық бөлім басшысы Анар Әлиханова.

Шараға  облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Болат Расқалиев, аталған департаменттің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Айгүл Жақсыбек, мемлекеттік органдардың интернет порталын қала бойынша сүйемелдеуші «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының өкілі Рүстем Иманбаев қатысты.

Баяндама жасап, сұрақтарға жауап берген Айгүл Жақсыбек бұндай семинар аудандардағы  мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін онлайн форматта өткенін айтты.

 А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button