Білім

Облыс әкімінің гранты: талап пен міндет

Жаңа оқу жылынан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант бөлінді. Оның 38-і —  бакалавриат, 42-сі — резидентура. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды. Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова қатысып, гранттарға қабылдау тәртібі туралы айтты.

— 14 шілдеде гранттарды тағайындау жөніндегі облыс әкімдігінің комиссиясының отырысы өткізіліп, өңірге қажет, сұранысқа ие мамандықтар анықталды. Қажеттілік облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің сұранысы негізінде нақтыланды.

Комиссия шешімімен 2023-2024 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 80 орынға грант бөлініп отыр, — деді Нұргүл Бертілеуова.

Заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы құрамына сол органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары мен азаматтық қоғам институттары өкілдері кіреді.

Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінеді.

Осы гранттарға ие болған әрбір жеңімпазбен үшжақты келісімшарт жасалады. Олар жоғары оқу орынын бітіргеннен кейін облыстағы кадр тапшы кез келген елді мекенге барып, келісімшарт негізінде кем дегенде 5 жыл уақыт жұмыс жасауы қажет. Бұл —  міндет, — деді Нұргүл Лескенқызы.

Оның айтуынша, актерлік өнер, режиссура, балық шаруашылығы, су ресурстары, дінтану, теология, исламтану, сәулет және құрылыс,  бағалаушы және математика, физика, химия, бастауыш сынып, орыс тілі және әдебиеті,  бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру пәндерінің мұғалімдері  мамандықтары бойынша құжат қабылданбақ.

Айта кету керек, 5 жылдан бері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Үкіметтің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына сәйкес облыста жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы (әкім гранты) бөлінуде. Мысалы, бастапқы екі жылы — 100 гранттан, 2020-2022  жылдары 80 гранттан бөлінді. Қазіргі уақытта осы гранттар бойынша 15 жоғары оқу орында 293 студент білім алуда. 124 түлек жұмыс жасап жатыр.

 

Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша берілетін 38грант:

 

САЛАСЫ Мамандықатауы Грант саны ҰБТ таңдаупәндері Шекті балл Ескерту
1 Мәдениетсаласы

2 мамандық

Актерлікөнер 1 Шығармашылықемтихан 65 Шығармашылықемтихантүсетіноқуорнындатапсырылуықажет
2 Режиссура 1 Шығармашылықемтихан 65
2 Табиғиресурстар

2 мамандық

Балықшаруашылығы 1 Химия Биология 50 (65) Ұлттық ЖОО оқытатынболсашекті балл —65, жай ЖОО — 50
3 Су ресурстары (гидролог) 2 Математика Физика 50 (65)
4 Дінсаласы

3 мамандық

Дінтану 2 Шығармашылықемтихан 50 Шығармашылықемтихантүсетіноқуорнындатапсырылуықажет
5 Теология 2 Шығармашылықемтихан 50
6 Исламтану 2 Шығармашылықемтихан 50
7 Құрылыссаласы

3 мамандық

Сәулетжәнеқұрылыс (сәулетші) 1 Шығармашылықемтихан 50 Сәулетмаманы
8 Сәулетжәнеқұрылыс (Құрылысобъектілерінжобалау) 1 Математика Физика 50 Құрылысобъектілерінжобалаумаманы
9 Бағалау (бағалаушы) 1 Математика География 50 Жылжымалыжәнежылжымайтынмүлікобъектілерініңнарықтықжәнеөзгеқұнынтәуелсізбағалауүшінмаман
10 Әлеуметтіккөмексаласы

1 мамандық

Әлеуметтікжұмыс 2 Биология География 50 Әлеуметтікқызметтер, әлеуметтікқамсыздандыру, әлеуметтікқорғаужәнемұқтажжандарғаәлеуметтікқолдаукөрсетуқызметінжүзегеасыратынмаман
11 Білімсаласы

6 мамандық

Математика мұғалімдері 4 Математика Физика 75  
12 Физика мұғалімдері 4 Математика Физика 75  
13 Химия мұғалімдері 4 Химия Биология 75  
14 Батсауышсыныпмұғалімі 4 Биология География 75 Орыссыныбында
15 Орыстіліжәнеәдебиетімұғалімдері 4 Орыстілі Орысәдебиеті 75 Орыссыныбында
16 Бастапқыәскеридайындықжәнеденешынықтырумұғалімдері 2 Шығармашылықемтихан 75 Шығармашылықемтихантүсетіноқуорнындатапсырылуықажет (Қ.ЖұбановатӨУ жоқ)
    БАРЛЫҒЫ 38        

 

Резидентура білім беру бағдарламасыбойыншаберілетін 42 грант:

 

САЛАСЫ Мамандықатауы Грант саны Емтихантүрі Шекті балл Ескерту
1 Спорт саласы

1 мамандық

Спорттық медицина 2 Резидентураныңтестілеу (КТ) сертификаты 75 Өңірдеашылатын спорт кешеніндегіспортшыларғамедициналықкөмеккөрсетеді
2 Сот сараптамасаласы

1 мамандық

Сот-медициналық сараптама 4 Резидентураныңтестілеу (КТ) сертификаты 75 Сот-медициналықсараптама, кәсібисараптамақызметінжүзегеасыраалатындәрігер.
3 Денсаулықсақтаусаласы

16 мамандық

Акушерияжәне гинекология ересектердің, балалардың 3 Резидентураныңтестілеу (КТ) сертификаты 75 Денсаулықсақтаубасқармасыныңжолдамасыменаудандықауруханаларғадәрігер
4 Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың 1 75
5 Нефрология 1 75
6 Ангиохирургияересектердің, балалардың 2 75
7 Онкология 1 75
8 Балалархирургиясы 2 75
9 Кардиология, ересектердің, балалардың 3 75
10 КлиникалықЗертханалық диагностика 2 75
11 Неврология ересектердің, балалардың 3 75
12 Нейрохирургия балалардың, ересектердің 3 75
13 Неонатология 3 75
14 Жалпы хирургия 3 75
15 Патологиялық анатомия 2 75
16 Терапия 2 75
17 Анестезиология және реаниматология, ересектердің, балалардың 3 75
18 Радиология 2 75
    БАРЛЫҒЫ 42        

 

Тамыздың 5-і күніөткізужоспарланғанкомиссияныңкелесіотырысындабұлмамандықтарбойыншабілімберетіноқуорындарыанықталады. Комиссия жұмысбарысындажоғарыоқуорындарыныңтапсырғанқұжаттарынегізіндебелгілікритерийлерге (кадрларәлеуеті, жатақхананыңболуы, ғылымижетістіктері, түлектердіңжұмыспенқамтылупайызы, ЖОО-ныңрейтингісі) көңілбөлінеді, — дедіНұргүлБертілеуова.

Республикалық грант нәтижелерібелгіліболғансоң (шамамен 10-15 тамызаралығыбакалавриат, 24 тамызданкейін магистратура менрезидентураға) жергіліктігрантқақұжатқабылдаубасталады.Құжаттапсыруға 3 күнмүмкіндікберіледі.Комиссия мүшелеріталапкерлердіңбіліміне, яғниҰБТ (бакалавриат) мен емтихан (магистратура, резидентура) нәтижелерінебастыназараударады.

           Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button