Басты жаңалықтарСпорт

Ақтөбеде республикалық Паралимпиада ойындары өтуде

Бүгін республикалық Паралимпиада ойындарының үшінші кезеңі аясында отырып ойнайтын волейболдан жарыс өтті. 

Отырып ойнайтын волейболдан ерлер командасы облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар клубында 2015 жылдан бастап жаттығады, көптеген жетістіктерге қол жеткізген.

Паралимпиада ойындары барысында Қостанай облысы мен Астана қаласының командалары өздерінің дене дайындығы мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Маңғыстау» мен «Ақтөбе» командалары арасында өткен тартысты кездесуді тамашалап, волейболшыларға қолдау көрсетті.

«Мен сіздерді қала күнімен құттықтаймын. Сіздер – адамның мүмкіндігі шынымен шексіз екендігінің мысалысыздар, өмірді қалай сүю керек екенін, өмірден бәрін алуға болатындығын білесіздер. Біздің жастар сіздерге қарап, бой түзеуі тиіс. Біз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спортты дамытуға барлық жағдай жасаймыз», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Паралимпиада ойындары 10-30 мамыр аралығында Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында өтуде. Еліміздің барлық өңірлерінен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті бұзылған 1 000-нан астам параспортшы он дисциплина бойынша жарысуда.

Ақтөбеде үстел теннисі, жүзу, дзюдо және волейбол сияқты спорттың төрт дисциплинасы бойынша жарыстың үшінші, қорытынды кезеңі өтіп жатыр.

Паралимпиадалық ойындардың алғашқы екі кезеңінің қорытындысына сәйкес, Ақтөбе облысының қоржынында 17 алтын және 8 күміс медаль бар. Жеңіл атлетикадан қорытынды есепте Ақтөбе облысының құрамасы 20 команда арасында 1 орынға ие болды.

Паралимпиада ойындарының жабылу рәсімі 30 мамырда жекпе-жек сарайында өтеді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button