Мәдениет

Әжелер ән салады

Мен мәдениет саласында 20 жылдай еңбек етіп келемін. 2008 жылдан бастап «Геолог» мәдениет үйіндегі «Асыл әжелер» ансамбліне жетекшілік еттім. Қазір қалалық Мәдениет үйінің «Атамекен-Асылым» және Сазды мәдениет үйінің «Ақмаржан» әжелер ансамбліне жетекшілік етемін.

«Асыл әжелер» — менің өнер саласындағы ең алғашқы жұмыс орным, бүгінде бұл ұжымның өңірдегі мәдениет саласында өзіндік орны бар.

Ал «Атамекен-Асылым» ансамблінің құрылғанына биыл күзде бес жыл болады. Өнер ұжымының репертуарын жаңа әндермен байытып, түрлі облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындар алып келеміз. Қалалық Мәдениет үйінде әртүрлі байқаулар өткізіп, өзге облыстардағы өнер ұжымдарымен мәдени байланысты жүйелі жолға қойдық.

Ал Сазды мәдениет үйінің «Ақмаржан» ансамблінің жөні бөлек. Жансәуле Кемерова басқаратын аталған Мәдениет үйі қызметкерлері қашанда ауызбіршілікпен еңбек етіп келеді. Барлығы да мұнда өткізілетін түрлі шараларға бір кісідей қатысады. «Ақмаржан» ансамблі де ешбір іс-шарадан тыс қалған емес. Әрбір атаулы мерекелік шараларда, есептік концерттерде репертуарын жаңартып, түрлі байқауларға да қатысып отырамыз.

«Ақмаржан» әжелер ансамблі мүшелері — 55-65 жас шамасындағы аналар, әжелер. Оларды ұлттық өнердің, мәдениеттің жанашырлары деуге әбден болады. Баян аспабында сүйемелдеуші А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің оқытушысы Тұрлан Бүркішов.

Қаракөз САҒЫНОВА,

«Атамекен-Асылым», «Ақмаржан» ансамбльдерінің жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button