Мереке

Қазақ тілінен дәріс береді

Немістің сұлу қызы Диана Кремер өзін қазақпын деп есептейді. Өзгелермен «қазақпын» деп танысады, қазақ тілінде сөйлейді. Тек ол ғана емес, отбасындағыларының барлығы да мемлекеттік тілде сөйлеседі екен.

Тоқмансай ауылындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Әкем Виталий Кремер — «Құлагер» шаруа қожалығының иесі, анам Айсұлу Ерғалиева ауылда мейірбике болып қызмет атқарады, — дейді ол.

Диана — қазақ әулетіне келін болып түсіп, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған аяулы жар, қамқор ана. Жастайынан қазақ дәстүрлерін берік ұстанып өскен ол оны өз балаларына, шәкірттеріне үйретеді.

Қазақ халқы — береке мен бірлікті ту еткен, ырыс пен ынтымақты ұстанатын ерекше халық. Отбасымызда әке-шешеміз балаларымен тек қана қазақ тілінде сөйлесетін. Бізге де қазақ тілінде сөйлеуге талап қоятын, — дейді ол. Диананың айтуынша, қазақ және неміс ұлтының ұқсастығы көп. Әсіресе үлкенге құрмет көрсетуі.

Неміс халқы мен қазақ халқының басты ұқсастығы — кішіпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі. Немістер де дастарқанға отырғанда үлкендерден бұрын асқа қол созбайды, ата-әжелерді төрге оздырып, олар тұрғанда сөйлемейді. Сондықтан маған қазақ отбасына келін болу, осы әулеттің салт-дәстүрін ұстану қиынға түскен жоқ. Еліміз тыныш, жеріміз аман болсын. Татулық, бірлік, береке тілеймін, мереке құтты болсын! — деп тілегін білдірді ол.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button