Мереке

Сары қазақ

Өңірімізде қазақ тілінде өз ана тіліндей сөйлейтін өзге ұлт өкілдері аз емес. Солардың бірі орыс ұлтының өкілі Владимир Браташов Ойыл ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан қазақ балаларының ортасында өскен соң қазақтың тілін үйреніп, мәдениетінсіңіріп өскен.

Туған жерге деген махаббатымнан болар, бәлкім, ауылдан көшкім де келмейді.Бірге өсіп«жүзі басқа, жүрегі бір» болып кеткен ауылдастарымды қимаймын. Солардың арқасында қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Отбасымнан бастап, айналамдағы адамдармен, жұмыстастарыммен де мемлекеттік тілде сөйлесеміз, — дейді ол.

Владимир осы жерде мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсіп, кәсібін де осы жерден тапқан. Ендігі мақсаты — болашақ жарын дақазақ жерінен кездестіріп, шаңырақ құрсам дейді.

Оқуды аяқтаған соң «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» Ақтөбе энергия мұнай басқармасына автоматты басқару жүйесінің инженері болып жұмысқа орналастым. Жұмыс берушіміз шетелдік компания болғанына қарамастан, қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, рухани құндылықтарды нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Облысымыздағы үлкен ұжымдардың бірі саналатын құтты шаңырақта 24 ұлттың өкілі жұмыс істейді, бәріміз бір отбасының балалары сияқты татумыз, — дейді Владимир Браташов.

Абайдың «Сен де — бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бар қалан» дегеніндей, Владимир өз ортасын қазақтардың арасынан тапқанына қуанатынын жеткізді.

Қазақ өте бауырмал халық. Әр кезеңдерде пана іздеп келгентүрлі ұлт өкілдерінің барлығын да бауырына басып, төрінен орын бергенін, қиын кезеңдерде бір үзім нанды бөліп жегенін тарихтан білеміз. Соның арқасында қазір қазақ елінде 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті өмір кешіп жатыр. Қаймағы бұзылмаған еліміздің бірлігін сақтауға баршамыз бірге атсалысуымыз керек. Біздің болашағымыз — бірлігімізге байланысты, — деді ол.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button